Қазақ әдебиетіндегі Шыңғыс хан бейнесі
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJPh.2020.v177.i1.ph4Аннотация
Шыңғыс хан Екінші мыңжылдықта бүкіл Еуразияны өз билігімен жаңа арнаға бұрған тарихи
тұлға. Мақалада автор Шыңғыс ханның әдеби көркем бейнесіне талдау жасауды мақсат етеді.
Талдау алгоритмі: Шыңғыс хан жайлы тек қазақ әдебиетінде ғана емес, соңғы үш ғасырда
Батыс пен Шығыста көркем шығармалар жазылды. Қазақ әдебиетінде әр жылдарда жарық көрген
Шыңғыс хан өмірінің әр кезеңіне арналған шығармаларды назарға ала отырып, қаған бейнесінің
сомдалу ерекшелігіне тоқталады. Сондай-ақ, ХХ ғасыр басында жазылған, бізге қолжазба күйінде
жеткен ақын Шәді Шәңгірұлының «Тарихнама» дастанындағы Шыңғыс хан бейнесінің сомдалу
ерекшелігіне талдау жүргізеді. Тарихи шығарма – тарихтың өзі емес, көркемделіп берілген түрі.
Тарихи тұлға да, дәуір де мүлде басқа бір кейіпте көрінуі мүмкін. Дегенмен қаламгер өзі өмір
сүрген замандағы тарихи ұғым, әлеуметтік танымнан ұзап кете алмайды. Мақала авторы әр
кезеңдегі жазылған Шыңғыс хан туралы көркем туындыларды осы тұрғыдан сараптайды.
Ерекшелігі. «Тарихнама» дастанында Шыңғыс ханның бүкіл өмірі қамтылады. Шәді ақын
өзі де Шыңғыс ұрпағынан болғандықтан дастанда келтірген мәліметтерге сол кездегі тарихи
шежірелерден сілтеме де беріп отырады. Дастанда жырланатын Шыңғыс ханның жасаған
жорықтарының көркемдік шындығын тарихи деректерге сүйене отырып, тарихи шындықпен
байланысын салыстыра отырып талдау жасайды. Соның ішінде Отырарға жасаған жорығына аса
назар аударылады. Шыңғыс ханның тұлғалық бейнесін жан-жақты ашуға талпынады. Сондай-
ақ, мақала авторы дастанда кездесетін Шыңғыс ханның өміріне, жеке басына қатысты қызықты
мәліметтерді сараптай отырып, өзіндік тұжырым жасайды.