АҚШ-тың соғысқа және милитарлыққа қарсы романы

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh.2020.v177.i1.ph5
        74 52

Аннотация

Мақалада соғысқа қатысты 20 ғасырдағы америкалық жазушылардың көрнекті шығармалары
қарастырылады. Соғыс және бейбітшілік мәселесі қозғалған белгілі америкалық жазушылар
шығармалары мақалада зерттеледі. Әсіресе милитарлыққа қарсы прозалардың стилі және
композициясы сынды стилистикалық аспектілері талданады. Зерттеу барысында 20 ғасырдағы
америкалық әдебиеттің дамуы мен милитарлыққа қарсы романдардың пайда болуы зерттеледі.
Және де америкалық әдебиеттегі соғыстың салдары қаралады. Екінші дүниежүзілік соғыстан
соң америкалық роман реализммен көзге түседі. Соғыстан кейінгі кезеңдерде америкалық
әдебиет төрінде көптеген талантты проза жазушылары пайда болды. Ол шығармалардың сюжеті
мен стилі Синклер Льюистің «Бізде бұл мүмкін емес» туындысы арқасында қалыптасқан. Роман
бестселлер қатарына еніп, қарапайым тұрғындар арасында ерекше танылды. Бұл туынды өмір
құндылығын алға тартып, соғысты бастаушыларды сынға алып, олармен өмір бойы күрескендігін
сипаттайды. 1936 жылғы сайлауда Рузвельт қайта сайланып С. Льюистің романы жеңіске
жетудің бірден бір факторына айналады. Саяси өзгерістер жазушылардың шабытын оятты. Олар
әділеттікті аңсап, фашизмге қарсы күрескен. Соғыс аяғында социалистер халықтың қолдауында
болып, соғыстан кейін көптеген жазушылар социалистік партиялар құрамына мүше болды.
Фашизмге қарсы күрес 1941 жылдардан соң америкалық әдебиеттің басты тақырыбына
айналып, 20 ғасырдың 60-жылдарына дейін 600 соғысқа қарсы кітап жарияланды. Соғысқа
қатысып аман қайтқан жазушылар өз естеліктерін қағазға түсірді. Солардың бірі әскери
корреспондент болып қызмет еткен Ирвин Шоу. Оның ең үлкен романы «Жас арыстандар»
америкалық әдебиеттегі бірден бір үздік соғыс туралы роман болып саналады.

Жүктелулер

Как цитировать

Ilgar, I. V. (2020). АҚШ-тың соғысқа және милитарлыққа қарсы романы. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 177(1), 36–44. https://doi.org/10.26577/EJPh.2020.v177.i1.ph5

Шығарылым

Бөлім

Литературоведение