Көркем шығарманың құрылымын қалыптастырудағы паремиологиялық бірліктердің рөлі

Авторлар

  • Мамедова Г.Н. . Институт фольклора Национальной Академии наук Азербайджана, Азербайджан, г. Баку http://orcid.org/0000-0001-5932-1501

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh.2020.v177.i1.ph8
        61 41

Аннотация

Мақалада балалар әдебиетінде паремиологиялық бірліктерді пайдалану мәселелері
қарастырылған және ХХ ғасырдың басында жазылған Әзірбайжан балалар әдебиетінің үлгілері
талданады. Паремиологиялық бірліктер туралы түсінік кең таралған және үлкен томдарда
ойды көркемдік шығарма деңгейінде аз сөзбен жеткізе алатын жанрларды біріктіреді. Жазба
әдебиетте бейнеленетін, фольклордан келген дәстүрлердің көрінісі болып табылатын идея-
парамиялар әдеби көркем шығармаларда өз іздерін қалдырып отырады. Көркем үлгілерде
халықтық рухтың іздерінің сақталуы көркемдік тәсілдің мәдениет тарихындағы жазушының
ұстанымы мен шеберлігін айқындайды. Әдеби-көркем мәтіндер мен мақал-мәтелдердің әртүрлі
байланыс формалары Әзірбайжан әдебиет тарихының барлық кезеңдерінде байқалады. Алайда,
ХХ ғасырдың басындағы әдеби процесс паремиологиялық бірліктерді пайдаланудың бірқатар
ерекшеліктерімен сипатталады. Бірнеше шығармалардың поэтикалық құрылымы бір фразада,
мақалда құрылған. Балалар әдебиетінің үлгілерін жасауда паремиологиялық бірліктер маңызды
рөл атқарды, сонымен қатар, осы жаңашылдықтар, балалар әдебиетінің үлгілерінде де өз
көрінісін тапты. Фразалардың түрі мен мазмұнының мүмкіндіктері шеберлердің өз көзқарастарын
беруінде негізгі қызмет атқарып, сондай-ақ көркем шығарманың құрылымын қалыптастыруда
маңызды рөл ойнайды. Осы тұрғыдан алғанда мақалада балалар әдебиетінің үлгілеріндегі
паремиологиялық бірліктердің құрылымдық-құраушы функциясы мен рөлі түсіндірілді.

Жүктелулер

Как цитировать

., М. Г. (2020). Көркем шығарманың құрылымын қалыптастырудағы паремиологиялық бірліктердің рөлі. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 177(1), 58–63. https://doi.org/10.26577/EJPh.2020.v177.i1.ph8

Шығарылым

Бөлім

Литературоведение