Қазақ және түрік ономастикасында өсімдік интерпретациясы
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJPh.2020.v177.i1.ph28Аннотация
Адамзат тарихында адам аты-жөнінің алар орны ерекше. Ал, ұрпаққа жарасымды есім беру
– ежелден келе жатқан, ізі суымаған жалпы халықтық игі дәстүр. Есімдер де халық тіліндегі
сөздер сияқты өмір сүріп, ескіріп әрі жаңарып отырады. Олар да ғасырлар үнін шежіре сияқты
келешек ұрпаққа жеткізіп отырады. Ата-ананың перзенті алдындағы ең алғашқы борышы –
лайықты есім беру. Пайғамбарымыз “Қиямет күні өз аттарыңыз және әкелеріңіздің аттарымен
шақырыласыздар. Сондықтан балаларыңызға жақсы ат қойыңыздар”, – деген.
Біз бұл мақаламызда қазақ және түрік тіліндегі гүл, өсімдік атауларымен аталған қыздардың
есімдерінің мағыналық ерекшелігін лингвомәдени тұрғыдан қарастыратын боламыз. Жеке
есімдер, сондай-ақ топонимдер түрік және қазақ мәдениеті тарихында маңызды орын алады.
Түріктердің және қазақтардың жеке есімдері қабылданған діндер мен шетелдік мәдениеттердің
күшті әсер еткенін де көрсететін белгілі бір кезеңдер болғанына қарамастан, қазіргі кездегі
дәлелдемелер ұзақ тарихи процесс барысында түркілер арасында дәстүрлі ат қою әлі күнге
дейін сақталғандығын көрсетеді. Негізінен, қазақ және түрік тілдеріндегі антропонимдерді
зерттеу, салыстыру және жан-жақты саралау жұмыстары түпкілікті жүргізілмеген, әлі де зерттеу
жұмыстарын жүргізуді талап етеді. Түрік және қазақ антропонимикасына арналып жүргізілген
зерттеу жұмыстары тек әртүрлі тілдердің өзгешелігі мен ұқсастығын анықтау үшін ғана емес,
сондай-ақ олардың дүниетанымы мен көзқарасының ерекшеліктерін, ұлттық психологиясын,
тарихын, зерттеліп жатқан тілді қолданатын халықтардың мәдениетін түсіну үшін де қажет.