Орыс орта ғасыр шығармаларындағы түркілік дереккөздер мен протографтардың іздері
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJPh.2020.v179.i3.ph4Аннотация
Мақалада ежелгі орыс тарихи шығармаларындағы дереккөз болған шығыс протографтары сөз болады. Аталған шығармаларда «шығыстық» тарихтан тікелей дәйектемелер беріледі. Протографтар мен дереккөздердің біршамасы түркілерге қатысы болуы мүмкін. Шығыс Еуропа халықтарына деген бұрынғы түркілік басымдық мәселелерін көпшілік ресейлік тарихшылар айналып өтеді. Бірқатар жылнамалар терминдері алтайлық «құпия жазба», «қателік», «еуропалық кірмелер» деп берілді. Сонымен қатар жеке терминдер мен бүтін фразаларды дұрыс оқу шығарманың мәнін біршама немесе түбегейлі өзгертіп жіберетіндей ықпалы бар екендігін айтқымыз келеді. Бұл мақалада аз ғана орта ғасырлық шығармалар негізінде ежелгі шығарманың бастапқы мәнін дәл түсіну үшін түркі тілдерін қолдану керектігін айтады. Шығыс еуропалық мәдениеттің қалыптасуына түркілердің ықпалы ескерілген жағдайда ежелгі орыс мемлекеттігінің сол бастапқы атақты деректері басқаша өң алатындығы сөзсіз. Олег есімі шеннің бір бөлігі болуы да мүмкін, себебі дүниежүзілік тарихта мұндай жайттар көп орын алған. Ал орыс династиясы кейбір жылнамалар деректеріне қарағанда каған (аварлық) деп келтірілген. Орыс аңыздарында өз батырларының аты қалдырылып отырған: бұлғұр ханы Аспарух, Рұса, Сұхман, Болат Бахадүр, Құдияр т.б. Ең мол із қалдырған Жошы Мемлекеті (Алтын Орда). Осылай ордалық дереккөздерде «Великая замять» эпизоды басқаша талданады, «Слова о полку Игореведегі» оралымдар басқаша нақтыланады, «Сказания о Мамаевом побоищенің» бағыты өзгереді, «Повесть о разорении Москвы Тохтамышем-царем» шығармасы басқа мазмұнды иеленеді. Мақалада тюркизмдердің барлық қолдану деректері келтірілмегенімен, автор ежелгі орыс жылнама жазушыларының көп уақыт бойы жүйелі түрде түркі мәдениетімен етене жақын болғандығын айтады. Сонымен қатар, тарихшыларға түркі тілдерінің негізін оқу керек деген пікір білдіреді. Мақалада эпизодтардың түпкі мағынасы ғана ашылып қоймай, сонымен бірге орыс жазба мәдениетіне түркілердің ықпал еткендігін айғақтау да көзделген.