Француз дискурсындағы концептуалды метафора

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh.2020.v179.i3.ph5
        64 0

Аннотация

Тіл біліміндегі инновация бір парадигмадан келесі парадимаға өту арқылы, жаңа зерттеу әдістеріне жол ашты. Соңғы жылдары тілдің қоғамдағы орны, сонымен қатар оның ролі, қоршаған дүниенің бейнеленуі мен танылуы, ақиқат болмыс концепциясының менталды аспектіде зерттелуі когнитивті тілдің қалыптасуына себеп болған тілдің негізгі нысанына айналды. Заманауи тіл білімінің танымдық дикурстық сипаты ең өзекті бағыт екендігінде дау жоқ. Осы бағыттың негізінде әлемді, адамды, тілдің интерпретациялануын тануда мүлдем күтпеген нәтижелерге қол жеткізуге жол ашылды. Заманауи тіл білімінде әлі де анық айқындалмаған дискурс ұғымы кеңінен қолданылады. Ғылымда дикурс туралы екі түрлі көзқарас бар. Біріншісі адамның әлеуметтік белсенділігімен қатысты болса, екіншісі тілдік тұлғаның дискурстық зерттеулердің бір бөлігі ретінде танылуы. Қазіргі халықаралық жағдаяттағы саяси қатысым түрлі ғылымдар тоғысында зерттелуі шарт. Олардың қатарында психолингвистиканың да болуы міндетті. Мақала француз тіліндегі қатысымның бір формасы ретіндегі қазіргі саяси дикурсты зерттеуге арналған. Заманауи тіл біліміндегі дикурс феноменінің жалпы танылуы мен «саяси дикурс» ұғымы нақтыланады. Саяси құбылысқа қатысушылардың атауы ретіндегі номинативті саяси метафоралардың қолданыс ерекшеліктері, олардың тілдік ықпалының әлеуеті, яғни тілдік ықпал ету әдісі дұрыс таңдалған жағдайда, адресаттың саяси көзқарасына мейлінше әсер ете алуы. Автор метафоралық ауысу негізінде қалыптасқан атаулар арқылы адам санасында қабылданған ақпараттың және қатысушылардың имиджінің категорияланып, жүйеленетіндігіне айрықша мән береді. Саяси дискурстағы бейинституционалдану, ақпараттылық, эмоционалдылық, мәндік және айқынсыздық факторларының басымдылығы саяси метафоралық атаулардың жұмсалысымен айқындала түседі. Ол өз кезегінде объектінің өзіндік сипатының бейнесі ретінде рецепиентке психологиялық тұрғыда әсер етеді. 

Как цитировать

Mashadi, O. Y. (2020). Француз дискурсындағы концептуалды метафора. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 179(3), 44–52. https://doi.org/10.26577/EJPh.2020.v179.i3.ph5