Ағылшын тілді дискурстың интонациясы мен сөздердің орын тәртібі

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh.2020.v179.i3.ph11
        60 67

Аннотация

Мақала ауызша және жазбаша дикурстағы интонация мен сөздердің орын тәртібінің маңыздылығына арналған. Дискурс құрылымында дискурс интонациясы мен ондағы сөздердің орын тәртібінің маңызы зор екендігі айқындалады. Сонымен қатар дискурс түрлері де назардан тыс қалдырылмаған. Әсіресе әуезділік, қарқындылық, уақыт шамалары сияқты интонация бірліктеріне де ерекше көңіл бөлінген. Когнитивті аспектінің маңыздылығы мәтінді қатысым бірлігі, нақты қатысым жағдаятындағы автордың прагматикалық мақсатына негізделген дискурс құрылымының сөйлеу нәтижесі ретінде қарау. Просодиканың мәтін ұйымдастырушылық қызметін зерттеу интонацияның ағымдағы мәселелері саналатын семантика мен интонацияның негізінде қарастырылады. Осы уақытқа дейін интонацияның семантикалық жұмсалысы сөйлеуден, мәтіннен тыс сөйлемдерде қарастырылды. Ал кейінгі уақытта зерттеушілер дискурстың просодикалық бейнесін мәтін деңгейінде қарастыруға көңіл бөле бастады. Зерттеуде дискурс құрамындағы интонацияның белсенділігі прагматикалық мақсатта қарастырылды. Интонацияның прагматикасын біз мәтін мағыналарының ықпалдасу үдерісіндегі интонация құралдарының қозғалысы деп түсінеміз. Интонацияның прагматикалық қызметін түйсінудегі негізгі жол – мәтін бірліктерінің просодикалық ұйымдасуы. Мақалада синтаксис ұғымы бірлік ретінде алынып отыр. Мақала зерттеудің теориялық маңыздылығын көрсетеді. Дыбыстың дискурстағы қызметін ашып береді. Контенттің просодикалық берілу құралдарына да (әуезділік, ритм) көңіл бөлінеді. Ағылшын тіліндегі дискурс түрлерінің интонациялық ерекшеліктеріне тілдік жүйе ішіндегі лингвистикалық материал негізінде зерттеу жүргізілуі мақаланың ғылыми жаңалығы болып табылады. Тәжірибе нәтижелеріне сүйене отырып, дискурс интонациясы мен сөздердің орын тәртібі сөйлеушінің мезет-мезетімен мәнмәтіндік таңдауының көрсеткіші. 

Жүктелулер

Как цитировать

., S. M. (2020). Ағылшын тілді дискурстың интонациясы мен сөздердің орын тәртібі. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 179(3). https://doi.org/10.26577/EJPh.2020.v179.i3.ph11