Ұлт ерекшелігін көрсететін отбасылық құндылықтар
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJPh.2020.v179.i3.ph14Аннотация
Мақалада жалпы отбасылық құндылықтардың маңыздылығы сипатталады. Сонымен
қатар, отбасылық өмірде отбасы мүшелерінің әрқайсысының қадір-қасиетіне тоқталып,
бала тәрбиесіндегі ата-ананың басты міндеті мен отбасындағы рөліне сипаттама береді.
Қазақ отбасына тән басты құндылықтар ұлттық құндылықтарға негізделе отырып жүзеге
асатыны және отбасындағы тәрбиенің қоғамға әсері қарастырылады. Отбасындағы басты
құндылық – ұрпақ тәрбиесі екені баршамызға түсінікті, сол ұрпақ тәрбиесінің өзі жалпылама
қарастырылып және сол тәрбиенің өзі бірнеше шағын құндылықтардан тұратынын көрсетеді.
Аталмыш тақырыпқа жалпы сараптама жасай отырып, отбасы құндылығы ұғымына анықтама
берілген. Отбасы – негізгі тұлға қалыптастырушы болып табылады. Отбасында әр баланың
жеке тұлға болып қалыптасуына септігін тигізетін қайталанбас бейнесі құрылады. Қазақ
тіліндегі мақал-мәтелдер отбасылық тәртіптің қалыптасуына дәйекті негіз бола алатыны
анықталып, отбасының негізгі функционалдық параметрлері көрсетіліп, отбасылық
құндылықтар тұжырымдалып, талданған. Қазақ халқына тән салт-дәстүрлер, мақал-мәтелдер
өздігінен тәрбиелік мән бермейтіні анық, отбасында ата-ананың сол айтылған ой мен
ұстанымдарды өздері ұстана отырып үлгі болған жағдайда ғана маңыздылыққа ие болады.
Әрбір мақал-мәтел, салт-дәстүр дұрыс орнымен қолданылған жағдайда өскелең ұрпақ үшін
тамаша өнегеге толы сабақ болатыны анық.