Ортағасырлық фразеология қорының қалыптасуында метонимикалық бейненің орны мен рөлі («XI-XVII ғғ. орыс тілінің сөздігі» материалы негізінде)
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJPh.2020.v180.i4.ph7Аннотация
Мақала орыс халқының дәуірінде қолданылған фразеология қорының семантикалық
құрылымының ерекшеліктерін анықтау мәселелеріне арналған. Жұмыстың мақсаты – жетілген
орта ғасыр дәуіріндегі және жалпы орыс фразеология қорының дамуын, одан әрі қалыптасу
жолдарын анықтау. Тұрақты тіркестердің ішкі формасын талдау негізінде метонимикалық
кескінде қалыптасқан үлгілер таңдалған. Ортағасырлық фразеология қорының қалыптасуында
тілдік материалдың классификациясы метонимикалық тасымалдардың бірнеше түрін бөліп
айшықтауға мүмкіндік берді. Тасымалдаудың әр түрі түрлі қызмет салаларындағы тілдік
бірліктермен суреттелген. Тілдік материалдың анализі ортағасырлық кітап мәдениетінің
ерекшеліктерімен, атап айтқанда тұрақты айналымдардың (діни, құқықтық, әскери және т.б.)
салаларын ескере отырып жүргізілген. Орыс тілінің тұрақты тіркес құрамын талдау төмендегі
әдістерді қолдана отырып жүргізілді: компоненттік анализ элементтері бар сипаттау әдісі; нақты
материалды жаппай таңдау әдісі; классификация (жіктеу) әдісі; статистикалық әдіс. Зерттеу
аясында тұрақты бірліктердің қалыптасуына негізделген метонимикалық кескіннің ең маңызды
түрлерін анықтауға мүмкіндік туды; орта ғасырлар дәуірінің фразеология қорын қалыптастыру
жолдарын нақтылады; орыс тілінің фразеологиялық жүйесінің кейінгі дамуын анықтайтын
маңызды белестердің бірі ретінде бұл кезеңге баға берілді.