ДЖ. Г. Уиттьер және оның америкалық әдебиет тарихындағы орны

Авторлар

  • Аhmedovaa Sevindc Sabirkizi Aзербайджанский государственный университет культуры и искусства, Азербайджан, г. Баку http://orcid.org/0000-0002-6783-3934

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh.2020.v180.i4.ph22
        66 36

Аннотация

Шын мәнінде, америкалық әдебиет XIX ғасырдың бірінші жартысында қалыптасты. Бұл әдебиеттің бастауында тұрған ақындардың бірі – Дж. Г. Уиттьер, ол өзінің аболиционистік шығармаларымен танымал. Ол шығармалардың тақырыбын саналы түрде шектеді, бұл оның өлеңдерін форма және тіл жағынан қарапайым адамдар үшін қолжетімді етті. Міне, кейінгі жылдардағы сын нақ осыдан оның шығармаларындағы кемшіліктерді көрді. Оның шығармалары өз заманының әдебиет фактісі болып қала берді және қазіргі уақытта тек зерттеушілер үшін қызығушылық тудырады. АҚШ әдебиеті америкалық романтизм аясында пайда болды. Америкалық поэзияның бастауында көптеген ақындар тұрды, олардың әрқайсысы осы әдебиеттің ұлттық ерекшелігін қалыптастыруға өз үлесін қосты. Олардың бірі Джон Гринлиф Уиттьер болды, ол азамат соғысына дейін өзінің талантын саналы түрде аболиционизмге бағындырып, америкалық әдебиет тарихына аболиционист ақын ретінде кірді. Зерттеу нысаны – XIX ғасырдағы америкалық ақын, америкалық поэзияның негізін қалаушылардың бірі және көрнекті аболиционист ақыны Джон Гринлиф Уиттьердің шығармашылығы. Зерттеу пәні – Дж. Г. Уиттьердің поэмалары мен өлеңдері. Зерттеудің мақсаты – Дж. Г. Уиттьердің америкалық әдебиеттегі орнын анықтау. Белгіленген мақсатқа жету келесі міндеттерді шешуге байланысты: • ақынның шығармашылық жолын қарастыру; • Дж. Г. Уиттьер поэзиясының бірегейлігін анықтау; • оның америкалық тарихтағы орнын анықтау. Зерттеудің ғылыми жаңалығы – автор Дж. Г. Уиттьердің қазіргі америкалық және ішінара орыс әдебиеттануындағы көзқарастарын, оның америкалық әдебиетке деген сөзсіз еңбегін мойындай отырып, оны әдебиет тарихының фактісі ретінде қарастырады.

Жүктелулер

Как цитировать

Sabirkizi А. S. (2021). ДЖ. Г. Уиттьер және оның америкалық әдебиет тарихындағы орны. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 180(4), 163–169. https://doi.org/10.26577/EJPh.2020.v180.i4.ph22

Шығарылым

Бөлім

Литературоведение