Аударма ісі тұрғысынан Қытай университеттерінде аударманы оқыту моделі
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJPh.2020.v180.i4.ph31Аннотация
Қытайдың жоғары оқу орындарында орыс тілінің филологиясы мамандығы бойынша аударманы оқытудағы реформалар 20 ғасырдың 80-жылдарында басталды. Қытай университеттерінде шетел тілдерін оқытудағы реформаларды жүзеге асыра отырып, “Орыс филологиясы” мамандығы бойынша аударманы оқыту әдістемесін жетілдіру қажет болады. Бұл мақалада қытай зерттеушісі Ху Геншен жасаған аударма теориясының жаңа бағыты – аударма қызметін экологиялық ортамен байланыстыратын эко аударма ісі қарастырылады. Қытай университеттерінде аударманы оқыту әдістемесіндегі туындаған мәселелердің себептерін терең талдау негізінде келесі тұжырым жасалды: эко аударма теориясы және оның қытай университеттеріндегі аудармашыларды даярлау курстарын реформалауға байланысты оның принциптері үш өлшемді модель қалыптастыруға көмектесе алады, оның шеңберінде студенттер білімі үш негізгі аспектіні қамтиды: тілдік жұпты білу + аудару қабілеті + жалпы сауаттылық; және болашақ мамандарды осындай үш өлшемді экологиялық модель бойынша оқыту қазіргі кезде жоғары білім алдында тұрған көптеген мәселелерді шешуге мүмкіндік береді (аударма ісін оқыту сапасын арттыру, эко аударма жүйесінде таңдау және бейімделу қабілетін дамыту және де шет тілдерінен кәсіби аударманы оқыту деңгейін көтеру).