Мәдени код және оны жеткізу мүмкіндіктері (Абайдың “Қара сөздерінің” француз тіліндегі аудармасының желісі бойынша)
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJPh.2020.v180.i4.ph32Аннотация
Заманауи лингвистика аясында тілді ұлттың мәдени коды ретінде қарастыратын бағыт белсенді түрде дамуда. Мақалада Абай “Қара сөздерінің” француз тіліне тікелей аудармасын талдау нәтижелері қазақ халқының мәдени кодын француз тілінде жеткізу тұрғысынан келтірілген, мәдени кодқа қатысты жалпы әрі жекелеген болжамдар айтылған. Түпнұсқа мәтінінің аударма мәтініне сәйкес келуі заманауи аударма теориясындағы ең өзекті мәселе болып қала бермек. Бұған қатысты қиындықтар аударма тілінде бастапқы мәтіннің аса маңызды семантикалыққұрылымдық ерекшеліктерін мүмкіндігінше есте сақтау, келтіру, сонымен қатар аударма мәтінін өзге лингвомәдениет өкілінің қабылдауы үшін бейімдеу қажеттілігінен туындайды. Мәдени кодтар жиынтығының адамзат үшін ортақ екені сөзсіз деп танылса да, дегенмен олардың көрініс табуы, белгілі бір мәдениеттегі алатын орны, сондай-ақ олар негізге алатын метафоралар үнемі ұлттық уағдаластық тұрғысынан негізделіп, нақты мәдениетпен байланысты болады. Осы орайда мәдени кодтың өзі даму барысында белгілі бір дүниелерді басқа мәдениеттерден алу немесе өзіне бейімдеуі нәтижесінде өзгеруі, ықшамдалуы не күрделенуі ықтимал. Бұған қоса, ойлау жүйесі мен сезімдердің көрініс табу сипаты, құндылықтар бағдары мен қойылатын мақсаттар, әлем және жеке адам туралы түсініктер, сенім, көзқарас, нанымдар жүйесі трансформацияға ұшырайды.