Қазақ тілінен ағылшын тіліне келер шақты аудару жолдары («Көшпенділер» және «Абай жолы» романдарына негізделген)

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh.2020.v178.i2.ph31
        25 56

Аннотация

Бұл мақалада салыстыру әдісін қолдана отырып қазақ тілінен ағылшын тіліне аудару процесіндегі келер шақ формаларын аудару түрлері мен жолдары қарастырылады. Өйткені салыстыру
әдісі морфологиялық, синтактикалық құрылыстары әртүрлі қазақ тілі және ағылшын тілі сияқты
тілдердің айырмашылықтары мен ұқсастықтарын анықтауға көмектеседі. Сонымен қатар осы
салыстыру әдісінің көмегімен зерттеу нәтижелеріне терең талдау жасауға болады. Қазақ тілі
алтай тілдерінің ішіндегі түрік тілдер тобына жатады. Ал ағылшын тілі герман тілдер тобына
жатады. Ал морфологиялық тұрғыдан алғанда ағылшын тілі флективті тілдер тобына жатады және
ол аналитикалык сипатымен ерекшеленеді. Ал қазақ тілі агглютинативті тілдер тобына жатады.
Ал грамматикалық ерекшелігіне келсек, аналитикалық сипатымен ерекшеленетін ағылшын
тілінің негізгі әдістеріне сөздердің орын тәртібі, сөздердің қолданылуы және функциональдық
сөздердің қолданылуын (көмекші сөздер, сөз тәртібі және интонация) жатқызуға болады. Ал
қазақ тіліне келсек, ең негізгі маңызды қолданылатын әдіске грамматикалық жалғауларды
жатқызуға болады. Қазақ тілінде басқа да грамматикалық әдістер қолданылады, бірақ олар
грамматикалық жалғаулар сияқты жиі қолданыла бермейді

Жүктелулер

Как цитировать

., M. M. ,. (2021). Қазақ тілінен ағылшын тіліне келер шақты аудару жолдары («Көшпенділер» және «Абай жолы» романдарына негізделген). ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 178(2), 230–242. https://doi.org/10.26577/EJPh.2020.v178.i2.ph31

Шығарылым

Бөлім

Теория перевода