Қазіргі қазақ прозасындағы психологиялық деформация көріністері....
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJPh.2021.v181.i1.ph2Аннотация
Әдебиет – кез келгеннің қалауымен жаңалық ендіре салатын орта емес. Әдебиет – қоғамның айнасы. Мақалада бір сюжеттің төңірегіне бірнеше сюжетті кіріктіріп контаминациялық тәсілмен ұлттың табиғатын, мінезін, салт-дәстүрін, болмысын бейнелейтін Т. Нұрмағанбетовтің «Ата қоныс», М. Мағауинның «Қос ағаш», А. Алтайдың «Киллер сауысқан», Н. Дәуітайұлының «Қанқызыл жалқын...», Д. Қуаттың «Тас монша», О. Бөкейдің «Атау-кере» шығармаларына талдау жасалады. Ұлттық құндылықтардың уақыт өте өзгеріске түсуіне алаңдаған жазушылар әдеби жолмен ұрпаққа жол ұсынды. Жоғарыда сөз еткен туындыларға психологиялық, философиялық тұрғыдан үңілген сайын этнодеформациялық өзгерісті тани түсеміз. Қазіргі қазақ прозасында психологиялық деформацияланған образдар жиі кездеседі. Оның әртүрлі себептері де жоқ емес. Жоғарыда біз сөз еткен шығармалардан кейіпкер психологиясындағы ұлттық сананың ауытқуы мен оның себептері суреттелген. Сондай-ақ, төл әдебиетімізде бұрын болмаған сананың екіге жарылуы сипаты да қазақ прозасындағы психологиялық деформацияның көріністері. Әдебиетте бұл туралы көп зерттелмеді. Этнодеформация көріністері әр кезең әдебиетінде байқалғанымен тәуелсіздік дәуіріндегі қазақ прозасындағы көріну сипаты әлі сөз болған жоқ. Қазіргі қазақ прозасы мен прозадағы психологизмді зерттеуде этнодеформация терминінің маңызы айрықша. Мақалада қазіргі қазақ прозасындағы психологиялық деформация көріністері жайындағы ізденістер мен талдау нәтижелері ұсынылады.