Репатриант-қазақ балаларының бейімделуі

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh.2021.v182.i2.ph4
        130 80

Аннотация

Мақалада елімізге оралып жатқан репатриант-қазақ оқушылардың қоғамдағы, атап айтқанда, мектеп қабырғасындағы бейімделуі үдерісі сипатталады. Репатриант-қазақ оқушылардың эмоционалдық, психологиялық, тілдік кедергілерінен, әлеуметтік ортаға жылдам бейімделе алмағандықтан, қоғамға, мектепке интеграциялану жағдайы үнемі жеңіл, ұтымды бола бермейді. Репатриант-қазақ балалардың бейімделу мәселесі көпқырлы және қазіргі қоғам үшін өзекті болып табылады. Мектеп жасы – этникалық қазақ оқушылары үшін этникалық сәйкестілік пен әлеуметтену процесінің маңызды кезеңі. Репатриант-қазақ балалардың әлеуметтік бейімделуіне жүгінетін болсақ, онда бейімделудің мақсаты әрқашан толық ассимиляция бола бермейді. Зерттеу нысанына Қазақстан Республикасындағы орта сынып репатриант-қазақ оқушылардың өзіндік сұрақ жауаптары талданды. Репатриант-қазақ балалары сезімтал, қоғамдағы, мектеп қабырғасында болып жатқан жағдайға, іс-әрекеттер мен өзгерістерге бейімделгіш, өз ойларын еркін жеткізе алатын тұлғалар. Репатриант-қазақ оқушылардың тілдік бейімделуін анықтау мақсатында нысаналы сұхбат әдісі жүргізілді. Респонденттерден алынған мәліметтер сипатталды, талдау жасалынды. Зерттеу нәтижесінде репатриант-қазақ оқушылардың өмірлік үдеріс кезеңі, оның ішінде әлеуметтік, мәдени, психологиялық, сондай-ақ жергілікті халықпен тіл арқылы қарым-қатынас жасауы, білім беру саласында да өз көрінісі анықталды. Қазақстанда репатриант балалардың жылдам тілдік бейімделуінің қиындығы бірнеше факторларға негізделгенін көрсетеді. Репатриант-қазақ оқушылардың тілдік бейімделудегі кедергілері тұжырымдалды.

Жүктелулер

Как цитировать

Dossanova, A. M., & Abdikadyr, I. A. (2021). Репатриант-қазақ балаларының бейімделуі. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 182(2), 33–39. https://doi.org/10.26577/EJPh.2021.v182.i2.ph4

Шығарылым

Бөлім

Языкознание