Бағалаудың саяси дискурстағы прагматикалық бағыты
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJPh.2021.v182.i2.ph7Аннотация
Мақалада бағалау категориясы саяси дискурстағы прагматикалық бағыты тұрғысынан қаралады. Саяси дискурстағы бағалау семантикасының жұмсалу ерекшеліктерін талдау – мақаланың негізгі мақсаты болып табылады. Осы талдау негізінде бағалау саяси дискурстың негізгі тетіктерінің бірі ретінде беріледі. Бағалау – заттар мен құбылыстардың шынайы сипатына емес, оларға деген субъективті әсер мен эмоционалды реакцияларға негізделетін санат. Сөйлеудің субъективті формасын беру арқылы қабылдаушыға ықпал ете отырып, негізінен сөйлеу жағдаятының семантикалық емес прагматикасын білдіруге қызмет етеді. Бағалаудың дикурсивтігі оның тілдің прагматикалық қызметімен тығыз байланысының айғағы. Яғни бағалау сөйлесу жағдаятының семантикалық мәні емес прагматикалық мәнін білдіре отырып адресатқа ықпал етуі. Бағалаудың прагматикалық бағыты саяси тұлғалардың айналасына өзінің көзқарасын білдіруге, мәтіннің белгілі бөліктерін айрықшалауға, сонымен қатар шаршы топты үндеуге және басқаруға септігін тигізеді. Саяси дискурс субъективті түрде әлемнің бейнесі тәріздес, себебі адресанттың сөз саптауы оның бағалау қасиетінің әлеуетіне байланысты болып келеді. Осыған орай белгілі бір мақсат пен міндетті көздеуші саяси дикурс субъектісі мәтінде ақиқатты беруге тырысады, ал ол ақпаратты өз қажетіне жаратуға ықпал етеді. Саяси сөз саясаттың негізгі мақсатына – билікке қол жеткізу мен оны сақтап қалуға – сәйкес субъектінің қоғамға саяси мақсатын білдірудің рәсімі болып табылады. Сонымен қатар аталған дискурс түрінде бағалау сипаты биполярлы (дұрыс – бұрыс) («біз/өз тобымыз – жағымды» – «олар/ өзге топ – жағымсыз») топтастыру жүйесіне сәйкес. Бағалау негізі бір ғана мүддені көздейді, ол мүдде – билікке талас: оған қол жеткізу, оны сақтап қалу, жүзеге асыру, тұрақтандыру және бөлу. Билікке талас биліктегі саясаткерлердің өз орнын сақтап қалудағы күресін және билікке таласушы саясаткерлердің күресін қамтитын екі аспектіден тұрады. Бағалау саяси дискурстың мәнін, оның формасын, тіл құралдарын таңдауын, тиімділігін, сөйлеуші мен реципиенттің арасындағы қатынас пен ісәрекетті білдіреді.