Қазақ тілінің келер шақ формалары және оларды қазақ тілінен ағылшын тіліне аудару жолдары

Авторлар

  • M . Malgaazhdar Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Қазақстан, Алматы қ. http://orcid.org/0000-0002-8703-0952

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh.2021.v182.i2.ph19
        64 102

Аннотация

Мақалада тіл және аударма ісі салалары үшін маңызды екі тақырып қарастырылған. Біріншіден, мақала қазақ тілінің келер шақ формаларының мағынасы, қолданылуы мен жасалу жолдарын қарастырады, өйткені ағылшын тілінде бұл тақырыпта материалдар жоқтың қасы, ал ағылшын тілінің келер шағы жан-жақты әрі терең зерттелген тіл саласы, сондықтан ол талқылауды немесе түсіндіруді қажет етпейді. Екіншіден, мақала келер шақ формаларын қазақ тілінен ағылшын тіліне аудару тәсілдерін талдап анықтау арқылы аударма барысында туындауы мүмкін қиындықтарды салыстыру әдісін қолдана отырып анықтауға және жеңілдетуге тырысады. Өйткені салыстыру әдісі морфологиялық, синтактикалык құрылыстары әртүрлі қазақ тілі және ағылшын тілі сияқты тілдердің айырмашылықтары мен ұқсастықтарын анықтауға көмектеседі. Сонымен қатар осы салыстыру әдісінің көмегімен зерттеу нәтижелеріне терең талдау жасауға болады. Сондай-ақ мақала қазақ тілін үйреніп жатқан адамдар үшін өте пайдалы, өйткені қазақ тілі агглютинативті тілдер қатарына жатады және жалғаулар қазақ тілінде сөз бен сөзді, сөйлем мен cөйлемді байланыстыратын негізгі құрал боп табылады. Сонымен қатар, қазақ тіліндегі келер шақтың кейбір формалары модальді мағынаға ие және шетел тілін үйренушілер үшін біршама қиындықтар тудыруы сөзсіз. Ал мақаланың соңғы бөлігінде келтірілген барлық мысалдарды аударма теориясында грамматикалық құрылымдардың аударма техникасын оқытуда қолдануға болады.

Жүктелулер

Как цитировать

Malgaazhdar, M. . (2021). Қазақ тілінің келер шақ формалары және оларды қазақ тілінен ағылшын тіліне аудару жолдары. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 182(2), 180–188. https://doi.org/10.26577/EJPh.2021.v182.i2.ph19

Шығарылым

Бөлім

Теория перевода