Тілдік ЖОО-дағы білім алушыларының өздік жұмысы: болжам және ақиқат

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh.2021.v183.i3.ph14
        55 49

Аннотация

Мақалада ағылшын тілін игеріп жатқан студенттердің өздік жұмыстары қарастырылған. Автор өздік жұмысты оқытушының тікелей немесе жанама басшылығымен жүзеге асырылатын студенттердің оқу қызметін ұйымдастыру формасы деп тұжырымдайды. Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздерінде жұмыс істеу үшін автор шетелдік және отандық ғалымдардың зерттеулеріне үлкен көңіл бөледі. Сонымен қатар, автор өздік жұмыстың неге бағытталғанын және оның рөлін түсіндіріп өтеді. Жоғары мектеп студенттерге өздік жұмысты ұйымдастыруда өзгеше талаптар қояды. Мақалада алдыңғы білім дағдыларын анықтау үшін тілдік мамандықтардың бірінші және төртінші курс студенттері арасында сауалнама жүргізу арқылы алынған нәтижелер келтірілген. Автор жаңартылған білім беру мазмұны аясында жоғары және орта мектептердегі өздік жұмыс арасындағы байланысты анықтап, саралайды. Университеттің бастапқы және жоғарғы курстарында студенттердің өздік жұмысы қандай сипатта болу керектігіне тоқталады. Сондай-ақ, автор шет тіліндегі сөйлеу әрекетінің барлық түрлерімен жұмыс жасау кезінде өздік жұмыстың рөлін атап өтеді. Автор оқырмандардың назарын қашықтықтан оқыту жағдайында студенттердің өздік жұмысы оқытушы тарапынан қосымша кеңесті қажет ететініне назар аударады. Әрі автор қашықтан оқыту жағдайында өздік жұмысты ұйымдастыру және жүргізу үшін оқытушыға қолдануға болатын қосымшалар мен вебсайттардың тізімін келтіреді.

 

Түйін сөздер: өздік жұмыс, қашықтықтан оқыту, білік, дағды, өздігінен реттелетін оқыту.

Жүктелулер

Как цитировать

Astafyeva, Y. V. (2021). Тілдік ЖОО-дағы білім алушыларының өздік жұмысы: болжам және ақиқат. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 183(3). https://doi.org/10.26577/EJPh.2021.v183.i3.ph14

Шығарылым

Бөлім

Методика преподавания языка и литературы