Қазақ және түрік тілдерінің түсіндірме сөздігіндегі дәйектеме материалдардың көрінісі

Авторлар

  • G. . Sagidolda Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қазақстан, Нұр-Сұлтан қ. http://orcid.org/0000-0002-1797-8457
  • K. K. Taimullina Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қазақстан, Нұр-Сұлтан қ. http://orcid.org/0000-0001-5582-9447

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh.2021.v183.i3.ph17
        87 109

Аннотация

Түсіндірме сөздік әдеби тілдегі жалпылама және жиі қолданылатын сөздерді қамтып, олардың мағыналарын талдап түсіндіруді, сонымен қатар әдеби тілдің лексикалық және семантикалық нормаларын көрсетуді мақсат етеді. Түсіндірме сөздік кеңінен қолданылатын, сонымен қатар сирек жұмсалатын сөздердің мазмұнындағы мәдени, материалдық байлықпен байланысты ақпараттарды белгілі бір тәртіп бойынша жүйелеп беруді көздейді. Түсіндірме сөздік – белгілі бір тілдің сөздік қорын жүйелеп, мағыналарын ашатын сөздіктің түрі. Көптеген сөзде, әсіресе тұрақты сөз орамдарында ұлттың мәдениеті, дүниетанымы, тарихы, дәстүрлі шаруашылығымен байланысты ақпараттар олардың мағына-мазмұнында жинақталған. Сөз мазмұнындағы мұндай ақпараттар түсіндірмеде айқындалып, иллюстрациялық материалдар (көрнекі) арқылы нақтыланып отырады. Мысал беру түсіндірме сөздік жасауға қойылатын талаптардың бірі болып табылады. Себебі түсіндірме сөздікке берілген мысалдар – атау сөздердің табиғатын, олардың стильдік және мағыналық, грамматикалық ерекшеліктерін одан әрі айқындай түсетін қосымша дәйектеме материал болып табылады. Лұғаттық мақаладағы дәйектеме материалдар сөздің қолданыста бар екенін я болмаса бір кезде болғанын дәлелдей түседі. Мақалада зерттеуші ғалымдардың дәйектеме материалға берген анықтамалары, түсіндірме сөздіктерде берілген мысалдардың атқаратын тілдік қызметтері қарастырылады. Қазақ және түрік тілдерінің түсіндірме сөздігінде дәйектеме материалдардың берілуі жайлы сөз болады.

 

Түйін сөздер: дәйектеме материал, дәйекcөз, мысал, түсіндірме сөздік.

Жүктелулер

Как цитировать

Sagidolda, G. ., & Taimullina, K. K. (2021). Қазақ және түрік тілдерінің түсіндірме сөздігіндегі дәйектеме материалдардың көрінісі. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 183(3). https://doi.org/10.26577/EJPh.2021.v183.i3.ph17

Шығарылым

Бөлім

Теория перевода