Жаңа әліпбиді пернетақтада орналастыру ретінің апробациясын жүргізу жөнінде сауалнама нәтижесі
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJPh.2021.v184.i4.ph4Аннотация
Мақалада тіліміздегі кірме сөздердің игерілуі бойынша тарихи-мәдени факторлар қарастырылды. Тілімізге енген кірме сөздердің төл тілдегі мағынасымен қаншалықты үндесіп жатқандығы сараланды. Бүгінгі таңда кірме сөздер төл мағынасынан да басқа екінші бір мағынаға ие болып жатқандығы зерделенді. Өзге халықтардың тіліндегі кірме сөздер игерілген уақытта міндетті түрде сол халықтың өзіндік тіліне тән тілдік ерекшеліктері мен өрнектерімен қоса меңгерілететіндігін байқадық. Тіпті, түркі тілдеріне жататын түрік тілінен алынған кірме сөздер, алдымен орыс тіліне, одан кейін орыс тілінің фонетикалық ерекшелігі бойынша қазақ тіліне енген. Бірақ бұл сөздердің фонетикалық құрамы алдымен түрік тілінің төл дыбыстарынан жасалған, одан әрі түрік тілінен орыс тіліне ауысқан шақта орыс тілінің төл дыбыстары арқылы игеріліп орфографияланған. Ал, қазақ тіліне ену барысында біздің тілдің төл дыбыстарының мүлдем басшылыққа алынбағандығын байқаймыз. Кейбір араб және парсы сөздерінің лексикалық мағынасы көмескіленіп түсініксіз болып қалған. Оларды көбінесе тарихи жырларда немесе діни қисса-дастандарда кездестіріп жатамыз. Қазақ тілінің кірме сөздер сөздігі құрылымы жағынан бұрын-соңды құрастырылмаған ауқымды еңбек болып табылады. Себебі, қазіргі таңда кірме сөздердің түпкі мағынасын айқындап беріп қана қоймай, ол тілдік бірліктердің қай тілден және қалай енгендігін түсіндіріп, көрсетіп беретін дереккөздердің болуы аса маңызды болып табылады. Зерттеу барысында эксперименттік сауалнама жүргізілді. Соның негізінде кірме сөздердің тілімізге енудегі басты жолдары анықталды. Сауалнамада респонденттің жас ерекшелігі, жынысы және кірме сөздерге байланысты нақты сұрақтар мен өз ойын білдіруге болатын ашық сұрақтар берілді. Кірме сөздер туралы көзқарас Тәуелсіздік алғаннан соң дүниеге келген ұрпақ пен совет үкіметі кезінде туылған адамдармен бірдей дәрежеде бола алмайды. Осы себепті респонденттердің жас ерекшелігі сұралды. Жынысын сұраудағы діттеген межеміз әйел адаммен ер адамның кірме сөздерді қолдану аясы және контекстері әр түрлі болып келеді. Респонденттердің көпшілігі кірме сөздердің тілімізге енуінің негізгі себептері ретінде жаһандану және саяси-экономикалық оқиғалардың үдерісінен деген тұжырымдарын көрсетті. Осы жүргізілген тәжірибенің қорытындысы бойынша жалпылама түрде кірме сөздердің бүгінгі таңдағы қолданылуын және оның өзектілігінің қаншалықты екендігін анықтадық. Түйін сөздер: кірме сөздер, сөздік, респондент, тарихи-мәдени факторлар