Роллан Сейсенбаевтың шығармаларындағы концептуалды метафоралар

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh.2021.v184.i4.ph12
        53 79

Аннотация

Мақалада когнитивті тәсіл тұрғысында концептуалды метафораларды қолданудың теориялық және практикалық аспектілері қарастырылады. Когнитивтік көзқарасты қолдану әдебиеттанудың жаңа көріністерін ашуға, сондай-ақ көркем шығармалардағы концептуалды метафоралардың когнитивті моделі арқылы автордың ойын және оның көрінісін тереңінен түсінуге мүмкіндік берді. Берілген зерттеудің мақсаты түрлі когнитивті моделдерді және менталдық кеңістікті құру үшін когнитивті құрал ретінде Р. Сейсенбаевтың шығармаларындағы концептуалды метафораларды қолдану ерекшеліктерін талдау болды. Таңдалған шығармаларды талдау кезінде концептуалды метафоралардың зооморфтық және түстік түріне ерекше назар аударылды. Жасалған зерттеудің негізінде концептуалды метафоралар түрлі білім салаларына қатысты концептілердің арасында және автордың ұлттық менталитетіне байланысын көрсететіндігі анықталды. Көп жағдайда қарастырылған зоометафоралар агрессиялық, қатыгездік, зұлымдық, салқынқандылық, қорқақтық секілді кейіпкерлердің теріс қылықтарын мысалмен келтіреді. Одан бөлек, зоометафоралар болжамды және ойдан шығарылған жағдайларда адамның көзқарасын көрсететін ерекше менталдық кеңістікті құру үшін қолданылады. Сондай-ақ түстік концептуалды метафора кейіпкерлердің ішкі жан тебіренісін, олардың эмоцияларын, көңілкүйін және интуициялық сезімін көрсетеді. Осылайша, Р. Сейсенбаевтың шығармаларындағы концептуалды метафоралардың үлгілерін зерттеу мысалында көркемдік шығарманың табиғатын түсіну үшін когнитивтік тәсілдің, автордың әлем үлгісін құру ерекшелігі және оның ішкі әлемін және психикалық күйін тереңінен түсінудің келешегі ашылып көрсетілді. Tүйін сөздер: концептуалды метафоралардың теориясы, когнитивтік поэтика, менталдық кеңістік, кейіпкер, когнитивті модель.

Жүктелулер

Как цитировать

Alipbayeva, A. A. (2021). Роллан Сейсенбаевтың шығармаларындағы концептуалды метафоралар. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 184(4). https://doi.org/10.26577/EJPh.2021.v184.i4.ph12

Шығарылым

Бөлім

Литературоведение