Тарғыл тастағы таңбалардың сакралды мәні

Авторлар

  • B. I. Nurdauletova Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті, Қазақстан, Актау қ

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh.2021.v184.i4.ph9
        38 55

Аннотация

Адам баласы ойлап тапқан қарапайым еңбек құралдарынан бастап күллі өнімдер адамзаттың рухани дүниені сезінуге және санада туындаған дерексіз ұғымдарды бейнелеуге бейімділігін көрсетеді. Көне дәуірлерде тас бетіне қашалған таңбалар осының айғағы. Тастағы таңбалар, өз уақытында, яғни таңбалау кезінде табиғатқа тікелей әсер ету мақсатында туындаса да, белгілі дәрежеде өнер туындысы санатына кіреді. Аристотельдің ұсынған теориясы өнер атаулының табиғатқа еліктеуден туатынын негіздеді. Бұл мақаланың мақсаты – Маңғыстау аймағындағы көне рулық таңбалардың сакралды мәнін, олардың сакралды кеңістіктегі қызметін айқындау. Бұндай таңбалардың негізгі бөлігі көне және орта ғасырлардан қалған құлпытастарда, саркофагтарда, қабірүсті сандықтастарда және бергі кезеңдердегі сағана тамдар мен күмбез тамдардың қабырғаларында ойылып жазылған петроглифтер мен белгілер түрінде сақталған. Сонымен қатар үлкен кесек тастар мен жартастарда сызылғандары да бар. Зерттеу барысында концептуалды және семантикалық талдау арқылы Маңғыстаудағы көне оғыздық таңбалардың символдық мәні туралы болжам жасалды. Көне таңбалар туралы зерттеу еңбектердегі мәліметтер салыстырылды. Зерттеу нәтижесінде таңбалардың меншіктілікті белгілеу, туыстық байланысты анықтау, мемлекеттің рәміздік таңбасы болу, киелі орынға келіп-кетуді білдіру, марқұмның қайтыс болған жерін, қабірін анықтау сияқты киелі ақпарат берумен қатар, жаратылыс, дүниенің тылсым сырлары туралы танымға меңзейтін концептуалды астары бар екендігі туралы болжам ұсынылды. Түйін сөздер: таңба, оғыз, концептуалды, сакралды, меншіктілік, құлпытастар.

Жүктелулер

Как цитировать

Nurdauletova, B. I. (2022). Тарғыл тастағы таңбалардың сакралды мәні. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 184(4). https://doi.org/10.26577/EJPh.2021.v184.i4.ph9

Шығарылым

Бөлім

Языкознание