Мәшһүр Жүсіп шығармаларындағы топонимикалық кеңістік
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJPh.2022.v185.i1.ph4Аннотация
Топонимикалық бірліктер тілдің басқа құралдарымен қатар поэтикалық шығармадағы шындықты көркем ұғыну элементтері болып табылады. Мәшһүр Жүсіп шығармаларының көркем топонимикалық бірліктерді зерттеу поэтикалық ескерткіштердің көркем-философиялық құндылықтарын анықтау үшін үлкен маңызға ие. Мақалада Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының шығармаларындағы топонимдердің танымдық сипаты, олардың географиялық және әкімшілік атаулардың орналасқан жерін анықтаумен қатар, белгілі бір тарихи кезеңдегі діни орындардың әлеуметтік-саяси және экономикалық-мәдени, діни-философиялық жағдайын көрсетудегі рөлін дәйектеу мақсат етіледі. Осы тұрғыда Б.Тілеубердінің теориялық еңбегіне, әдеби-теориялық еңбектерге және Мәшһүр Жүсіптің көркем шығармаларына сараптама жасалады. Мәшһүр Жүсіп шығармаларының поэтикалық ономастикасы, оның ішінде топонимикалық бірліктердің жұмсалымдық ерекшеліктері әлі зерттелген жоқ. Поэтонимикалық аяны құрайтын жер-су атаулары Мәшһүр Жүсіп шығармаларында авторлық материалдың негізгі поэтикалық сипатының қалыптасуына да әсер ететіні зерделенеді. Топонимдердің қолданысы автордың көркемдік және әлеуметтік дүниетанымын байқататыны анықталады. Бұл тұрғыда топонимдер поэтикалық мәтінді композициялық тұрғыдан көркемдеуде өте маңызды рөл атқаратыны дәйектеледі. Сонымен қатар табиғи-географиялық объектілерге сәйкес көркем шығармадағы топонимдер жіктеледі; поэтикалық топонимияның географиялық кеңістігі анықталады; діни сипаттағы шығармаларындағы топонимикалық атаулардың қолданыстық ерекшеліктері анықталады. Көркем мәтінде нақты топонимдер әдеби ономастика компоненттеріне айналатыны және шығармаға ерекше өң беретіні, өзіндік үлкен мағыналық сипаты болатыны айтылады. Географиялық нысандарының атаулары діни пайымдары, қажылыққа бару туралы Мәшһүр Жүсіптің ойларына шолу жасауға үлкен үлес қосады. Түйін сөздер: ономастика, жалқы есім, топонимдер, полионимдер, антропоним, көркем мәтін, ойконимдер, діни антропоним.