Абай өлеңдеріндегі мінез-құлық (қылық) концептісі

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh.2022.v188.i4.018
        74 58

Аннотация

Заманауи отандық лингвистика мен әдебиеттану ғылымдарында  концепт ұғымына көптеген елеулі ғылыми зерттеу еңбектері арналғанымен, адамның мінез-құлқы поэтикалық мәнмәтінде концепт деңгейінде жеткілікті түрде қарастырылмаған. Мінез-құлық ұғымының өзі тұлғаның жүріс-тұрысы, іс-әрекеті, қылығы, тәлім-тәртібі, сөйлеу мәнері тәрізді адам болмыстарының бірлігінен көрінетін күрделі құбылыс болып табылады. Жалпы, мінез-құлық, адамның өзін-өзі ұстауы жеке адамнан басталып, бүтіндей бір ұлттың стереотиптік сипатын көрсетеді.

Абай поэзиясы өзі өмір сүрген уақыттағы қоғамға тиесілі адам болмысын, мінез-құлқын концептуалдық және поэтикалық деңгейде көрсететін құнды  дереккөздердің бірі. Ақынның жалпы адамзаттық қасиеттерден бастап, жеке-жеке қоғам өкілдерінің қылығы мен іс-әрекетіне (төрелер, байлар, қара халық) дескриптивті, бағалау, сын тұрғысынан берілген тұжырымдары әлі күнге дейін өзекті. Сондықтан осы мақалада ақын өлеңдеріндегі мінез-құлық адам болмысын білдіретін түрлі іс-әрекеттердің жиынтығы ретінде сараланып, моральдық философиядағы соңғы он жылдықтарда жиі талқыға түсіп келе жатқан «жуан» (thick) және жіңішке (thin) концептілер деңгейінде қарастырылады. Ақын ешқашан адамды жай жақсы немесе жаман демеген, міндетті түрде әрбір қылығын, іс-әрекетін ашып сипаттайтан сөз өрімдерін қолданып, тұжырым жасап отырған. Яғни, үнемі судың бетінде ғана қалқыған жіңішке концептілер емес, тереңнен бастау алған, бүтіндей бір тарихи уақыттағы халықтың болмысы жайында мағлұмат беретін күрделі авторлық концептілер дейгейінде көрініс тапқан.

Жүктелулер

Как цитировать

Sargeltayeva, A. K. (2023). Абай өлеңдеріндегі мінез-құлық (қылық) концептісі. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 188(4), 179–186. https://doi.org/10.26577/EJPh.2022.v188.i4.018

Шығарылым

Бөлім

Литературоведение