Драмалық шығармалардағы вестиалды лексиканың кейіпкер бейнесін ашудағы қызметі

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh.2022.v185.i1.ph12
        97 174

Аннотация

Мақалада М. Әуезов драмаларының тілінде кездесетін киім атауларының экстралингвистикалық сипатын ұлттық таныммен бірлікте қарастырамыз. Мақаланың мақсаты – М.Әуезов шығармалары арқылы халықтың рухани және материалдық мәдениетін көрсету. Жұмыстың ғылыми және практикалық маңыздылығының қысқаша сипаттамасы. Жалпы прозалық, поэзиялық шығармаларда вестемалардың сөйлемдегі қызметі анық көрінеді. Ал драмалық шығармаларда вестемалар көбіне көріністерде аталып тұрады. Сондықтан оның қандай қызмет атқарып тұрғанын анықтау зерттеушіге тиесілі болады. Мысалы, Қарагөз ұзатылып бара жатқанда басында сәукеле болады. Оны автор жазды, көрермен көріп отыр, біздің мақсатымыз – оны қандай мақсатпен кигізіп тұрғанын анықтау. М. Әуезов драмаларындағы вестемаларды ашу арқылы қазақ қоғамындағы киім кию салтынан хабардар етуді, ұлттық танымды бағамдау, ұлттық ойлауды тану арқылы тілдік тұлғаның идиоэтникалық сипатын ашуды мақсат еттік. Зерттеу әдіснамасының қысқаша сипаттамасы. Материалды зерттеу кезінде мoтивaциялықcaлыcтыpмaлы тaлдay, сипаттамалық әдіс, компоненттік талдау әдісімен толықтырылған көркем шығарманың лексикасын семантикалық-стилистикалық талдау, этимологиялық талдау әдісі қолданылды. Жүpгiзiлгeн yәждeмeлiк-caлыcтыpмaлы зерттеу бapыcындa киiмдepдi бiлдipeтiн лингвoмәдениеттанудың yәждeмeci бeлгiлi бip зaңдылыққa қарайтын жәнe киiмнiң aтayын нaқты ceмaнтикaлық oблыcпeн бaйлaныcтыpaтын ұқcac нoминaтивтi қaғидaлар бoйыншa жүзeгe acыpылaтыны aнықтaлды. Зерттеу жұмысының негізгі нәтижелері мен талдаулары, қорытындылары. Қазіргі заманғы қабылдау тұрғысынан киімді білдіретін таңбалауыштарды (М.Әуезовтің драмалық шығармалары негізінде) шартты түрде мынадай топтарға бөлуге болады: 1) Таныс сөздер; 2) Таныс, бірақ «киім» ұғымына сәйкес келмейтін сөздер; 3) Қазіргі қазақ тілінде таныс, бірақ аз кездесетін сөздер; М.Әуезов тіліндегі қазіргі оқырманның лексиконындағы белсенді және пассивті сөздіктің арақатынасын, бейтаныс лексемаларды семантикалық тұрғыдан дамыған лексикалық бірліктерге ауыстыруды қажет етеді, бұл ең алдымен тілдік тұлғаның лексикографиялық құзіреттілігін қалыптастыруға ықпал етеді. Жүргізілген зерттеудің құндылығы. Драматург тіліндегі киім атаулары адамның ой-сезіміне тікелей ықпал ететіндей көркем де жатық бейнеленген экспрессивтік қасиет – тіл мен әдебиет бірлігіндегі ғажайып құбылыс екені айқындалып, көркем сөздің кейіпкер қасиетін ашуда қосатын үлесі нақтыланды. Жұмыс қорытындысының практикалық мәні. Драмалық шығармаларды талдау барысында кейіпкер бейнесін ашып қана қоймай, автордың тілдік тұлғасын кейіпкер тілі арқылы ашуға болатынын дәлелдейді. Бұл зерттеудің нәтижелері лингомәдениеттану, когнитивті лингистика, көркем мәтінге лингвистикалық талдауларда кеңінен қолданылады. Түйін сөздер: лингвомәдени сөздер, сәукеле, ұлттық мәдениет, ақпарат, материалдық мәдениет, экспрессивтік қасиет7

Жүктелулер

Как цитировать

Kushkimbayeva, A. S., Karagulova, B. S., & Konechny, J. . (2022). Драмалық шығармалардағы вестиалды лексиканың кейіпкер бейнесін ашудағы қызметі. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 185(1). https://doi.org/10.26577/EJPh.2022.v185.i1.ph12

Шығарылым

Бөлім

Языкознание