Қазақ топонимдерінің мифологиялық қабаты

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh.2022.v185.i1.ph17
        106 174

Аннотация

іршілігінің қилы-қилы тылсым оқиғалары, мәдени және рухани өмірінің алуан түрлі қабаттары жасырынып жатыр. Жалпы алғанда тіл білімінде қазақ топонимикасына қатысты бірнеше бағытта зерттеу жұмыстары жазылғанымен, топонимдерді мифологиялық ойлау мен мифтер жүйесімен байланыста қарастыру мәселесі әлі де нақты, жан-жақты зерттеу обьектісіне айнала қойған жоқ. Мақаланың ғылыми зерттеу мақсаты қазақ тіліндегі кейбір топонимдердің, оның ішінде мифологиялық сипаттағы «киелі, қасиетті» жалпытүркілік сакральды ұғымдарымен сабақтасып жатқан бай, «әйел құдайы» тіркесімен келетін топонимдерді тарихи тұрғыдан түркі тілдері материалдарымен салыстыра сипаттау болып табылады. Соған сәйкес Қазақстандағы Катонқарағай, Баянауыл топонимдерінің құрамына семантикалық және этимологиялық талдау жасай отырып, аталған «бай», «әйел құдайы» түркі тілдес халықтарының, соның ішінде қазақ халқының ежелгі дәуірдегі қоршаған ортаға байланысты қалыптасқан рухани дүниетанымындағы мифтік жүйе көріністерін анықтау, талдау мақаланың өзектілігін көрсетеді. Талдау нәтижесінде қол жеткізген нәтижелер: біріншіден, қазақ халқының танымдық деңгейінің өз бастауын ежелгі жалпытүркілік мифологиялық дүниетанымдардан алатындығы, екіншіден, әрі барлық түркі дүниесіне ортақ мифтердің мазмұн мен идея ортақтығы, яғни көнетүркілік Ұмай – әйел құдайы, Бай ана қолданыстарының мифтік мәтін сипатындағы мазмұн ортақтығы мен жалпы түркілік дыбыстық сәйкесімдер (м/б), үшіншіден, осы «әйел құдайы» сакральды ұғымының (Ұмай- әйел құдайы, Бай (киелі, әулие) ана) Қазақстандағы Баянауыл, Катонқарағай топонимдеріндегі көрінісін бұған дейінгі зерттеулер мен бұрын назарға алынбаған дереккөздер негізінде жаңаша сипатта дәлелдеуге талпынысымыз жұмыстың ғылыми және практикалық маңыздылығын анықтайды. Зерттеуде сипаттамалық әдіс пен тарихи-салыстырмалы әдіс түрлері қолданылды. Қазақ және өзге түркі тілдес халықтардың мифотопонимдері ғылыми-көпшілік әдебиеттердегі этимологиялық талдаулар мен ежелгі түркологиялық сөздіктердегі мифомәтіндер мазмұны негізінде нақты тілдік деректер арқылы салыстырылып, «Ұмай», «әйел құдайы», «бай» (Ұмай, Баянауыл, Катонқарағай) қолданыстарының (композиталарының) топоним ретінде шығу, қалыптасу себептері диахронды тұрғыдан сипатталды. Соның негізінде қазіргі түркілердің «Ұмай ана» түсінігіндегі әйел затына қатысты сакральды ұғымдардың қайнар көзі ежелгі дәуірде өмір сүрген этностардың табиғаттың тылсым сырларынан туындаған мифтік көзқарастарымен байланыстылығы, тілдегі осы тектес кейбір топонимдердің мифтік (мифологиялық) танымның нәтижесі екендігі тарихи-салыстырмалы талданды. Түйін сөздер: мифоним, мифотопоним, Ұмай, Баянауыл, Катонкарағай, Катунь, Мұзтау

Жүктелулер

Как цитировать

Tektigul, Z. O., Duzmagambetov, E. A., & Bayadilova-Altybayeva, A. B. (2022). Қазақ топонимдерінің мифологиялық қабаты. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 185(1). https://doi.org/10.26577/EJPh.2022.v185.i1.ph17

Шығарылым

Бөлім

Языкознание