Ағылшын құқық тілінің қалыптасу тарихы: құқық тілінің жаһандануының қазіргі мәселелері
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJPh.2022.v185.i1.ph18Аннотация
Мақалада Англияда заңды тілдің даму тарихы және пайда болуы, сонымен қатар оның қалыптасуындағы латын және француз тілдерінің рөлі қарастырылған. Латын тілі әлі күнге дейін заңды тілдің ажырамас бір бөлігі болып табылады, өйткені ол бүкіл орта ғасырлардағы Еуропада үстемдіктелді және көптеген ғасырлар бойы заңдық құжаттар латын тілінде жазылып келеді. Заң тілі күрделі терминологияға ие және оны көбіне заң мамандары ғана қолданып қана қоймай, сондай-ақ қарапайым, дайындалмаған адамдар да азаматтық-құқықтық қатынастарға түсу кезінде сату, жалдау, несие алу және т.б шарттар түрінде қолданады. Алайда, оларға заңды терминдер барлық жағдайда түсінікті бола бермейді. Заңды тілді түсіну үшін тарихқа жүгіне отыра және қазіргі әлем шындығында елі мен тіліне қарамай адамдарға түсінікті болатын әмбебап құқықтық тіл құруға бола ма, жоқ па соны талдауға тырысамыз. XX ғасырдың басында заң лингвистикасында legalese термині пайда болды, бұл заңгерлермен қолданатын, әсіресе құжаттама жасау кезіндегі заңды тілді білдіреді. Өздеріңіз білетіндей, заң тілі заңды жаргондармен ғана емес, архаизммен, техникалық терминдермен және қарапайым тілде қолданылатын, бірақ басқа мағынадағы тіркестермен толтырылған. Бұл зерттеудің мақсаты – Англияда заңды тілдің пайда болу тарихын, құқық терминологиясын егжей-тегжейлі зерттеу, сонымен қатар жаһандану дәуіріндегі құқықтық терминологиямен байланысты өзекті мәселелерді талқылау. Талдау барысында көрсеткендей, ағылшын тіліндегі заңдық сөздіктер неологизмдермен толықтырып келеді, бірақ халықаралық қоғам біртұтас әмбебап құқықтық терминдер жасауға дайын еместігін аңғарамыз. Түйін сөздер: құқық тілі, заңды ағылшын тілі, неологизм, жаһандану.