Қазақ әдебиетіндегі роман жанрының өрлеу

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh.2022.v185.i1.ph20
        106 98

Аннотация

Роман әдебиеттегі маңызды жанрлардың бірі деуге болады. Қазақ әдебиетінде жаңа сипатты роман ХХ ғасырдың басында пайда болды. Алайда, ұзақ жылдар бойы қазақ романдарының көлемі қысқа және композициясы жетілмеген деген пікірлер айтылып келді. Кеңес дәуірінде кейбір ғалымдар көзқарасы бойынша қазан төңкерісіне дейінгі «Бақытсыз Жамал», «Қалың мал», «Қыз көрелік», «Қамар сұлу», және «Мұңлы Мариям» секілді шығармалар нақты мағынада роман емес деген пікірлер де айтылды. Осы сұрақтарға жауап ретінде біздің мақалада жаңа сипатты қазақ романдарын дәстүрлі көркемдігін жаңа көзқараспен қайта қарастыруға және олардың бірегей көркемдік құндылығын ашуға әрекет жасалады. Ян Уотт пен Майкл Маккеонның роман теорияларын қолдана отырып, біздің мақаламызда Қазан төңкерісіне дейінгі қазақ романдары тарихи және индуктивті әдістерімен зерттелді. Олар баяндау әдісі, тіл және ой-санасы бейнелеу ерекшеліктері тұрғысынан қарастырылады. Көркем мәтінді талдау арқылы Қазан төңкерісіне дейінгі қазақ романдарының қазақ әдебиетіне қосқан негізгі үлесі реалистік баяндау мен басқа да бейнелеу тәсілдерін қолдануы бағытында талданады. Көркем проза тілін ағартушылықдемократтық ойлады суреттеуде шебер қолданылатыны дәлелденеді. Бұл шығармалардың роман жанры талаптарына сай екендігі нақты талдаулар арқылы көрсетілді. Түйін сөздер: қазан төңкерісіне дейінгі қазақ романдары, Қазақ әдебиеті, ағартушылық ойлар, реализм.

Жүктелулер

Как цитировать

Bysengaly, Z. Q., & Xie, W. (2022). Қазақ әдебиетіндегі роман жанрының өрлеу. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 185(1). https://doi.org/10.26577/EJPh.2022.v185.i1.ph20

Шығарылым

Бөлім

Литературоведение