Абай және Науаи: көркем аудармадағы әдеби үндестік

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh.2022.v185.i1.ph23
        56 258

Аннотация

Мақалада қазақтың ұлы ақыны Абайдың қалыптасуына өзбек мәдениетінің негізін қалаған Науаидың ықпалы, Абайдың өзбек әдебиетіндегі орны қаралды. Тілі мен әдебиеті, мәдениеті мен тарихы, діні мен салты-дәстүрлері ұқсас, түбі бір қазақ һәм өзбек халықтарының әдеби, мәдени қарым-қатынастарының тамыры тереңде. Аталған байланыстардың уақыт пен кеңістік тұрғысында алар ауқымы өте кең. Сондықтан тақырыпқа қатысты мәселелер мақала шеңбері аясына шақтала іріктеліп талданады. Ұсынылған мақалада қазақ әдебиетінің классигі Абай Құнанбайұлы шығармашылығының дамуына ұлы Әлішер Науаидың тигізген игі ықпалы, әр заманда өмір сүрген бауырлас ел перзенттерінің өзара рухани байланысы, ақын шығармаларының қазақ, өзбек тілдеріне аударылып, әдеби тұрғыда зерделенуі сөз болады. Өзбекстандық әдебиет сүйер қауымның қазақ әдебиетімен танысуы, олардың Абай шығармашылығына ден қойып, қызығушылық танытуының себептері аталады. Абай шығармаларының қазіргі өзбек тіліндегі аудармалары басты нысан ретінде қарастырылады. Көркем аударма ұғымының мән-маңызы мен ерекшелігі зерделенеді. Бұл ретте аударма ұғымдық атауы нақты бір халықтың сөйлеу тіліндегі сөздер мен сөз тіркестерінің мән-мағынасын, я болмаса, тұтас бір ауызша яки жазбаша мәтіннің екінші бір тілдің сөздік қоры мен сөздік құрамы негізінде қайталанып жеткізілуін білдіреді. Сонымен қатар, аударма адамдардың сөйлеу, өзара сөйлесіп түсінісу құралы қызметін атқаратынын ескерсек, аударманың мақсаты – бір тілді екінші тілмен алмастырып, сөз бірліктері мен сөйлеу құрылымын қайта құру. Бұл ретте аудармашының мәтін мазмұны мен автор ойын өзгеріссіз, дәл сақтап қалуы маңызды. Мақсат үдесінен шығу үшін мәтін, яки сөйлем құрылымы аударма жасалатын екінші бір тілдің ерекшелігіне сәйкес өзгерістерге түседі. Сондықтан аудармада, оның ішінде көркем аудармада түпнұсқадағы ойды мейлінше дәл жеткізу мақсатында жекелеген сөздерді алмастыру, қажетінше сөздердің орын тәртібін ауыстырып қолдану, сөз қосу немесе тіпті кейбір сөздерді алып тастау сияқты амаләдістердің түр-түрін қолдануға болатындығы баяндалады. Түйін сөздер: қазақ әдебиеті, өзбек әдебиеті, Абай Құнанбайұлы, Әлішер Науаи, қазақөзбек әдеби байланысы, аударма, көркем аударма

Жүктелулер

Как цитировать

Karabayeva, K., & Beisenuly, Z. (2022). Абай және Науаи: көркем аудармадағы әдеби үндестік. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 185(1). https://doi.org/10.26577/EJPh.2022.v185.i1.ph23

Шығарылым

Бөлім

Теория перевода