Қазақ және ағылшын тілдеріндегі жарнамалық мәтіндеріндегі бағалауыш сөздер
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJPh.2022.v186.i2.04Аннотация
Мақалада қазақ және ағылшын тілдерінің жарнама мәтіндеріндегі бағалауыштық мағынада қолданылған сөздердің ұлттық-мәдени байланысын анықтау мақсатында олардың салыстырмалы этнолингвистикалық және когнитивтік жолмен берілуі зерттелген. Заттар мен құбылыстардың жақсы, жаман, дәмді, дәмсіз, көрнекті, ұсқынсыз т.б. қасиеттерін анықтауда біз бағалаймыз. Бағалау адамның құндылық жүйесі арқылы жүзеге асады, бірақ баға тікелей сол заттың және құбылыстардың қасиетіне байланысты құндылықтан өзінің жағымсыз баға түрімен ерекшеленеді. Бағалауыш сөздердің қазақ және ағылшын тілдеріндегі жарнамадағы орнын анықтау барысында жарнамалық материалдарды біз белгілі бір ұсыныстарды жүзеге асыру мақсатында және тұтынушыға әсер ету мақсатында негізгі құрал ретінде бағалауыш сөздерді қолданатын бірденбір мәтін түрі деп түсінеміз. Бағалаудың мәні тілдің теориялық және қолданбалы салаларымен тығыз байланысты. Бұл жан-жақтылық тіл мен сөйлеудің арақатынасына, лексикалық мағынаның типологиясы мен құрылымына, лексикалық экспрессивтілікке, эмоционалды-прагматикалық аспектілеріне қатысты мәселелерді жан-жақты зерттеу арқылы айқындалады. Бұл мақалада екі тілдегі жарнама мәтіндері алынып, оларда кездесетін бағалауыш сөздердің семантикалық мағынасының ұқсастықтары мен ерекшеліктері ашылды. Жарнаманың жеткізушісі мен тұтынушысы болғандықтан, олардың арасында қарым-қатынас жасауда бағалау сөздері үлкен рөл атқарады.