Ахмет Байтұрсыновтың мәденибағытталған стратегиясы – Александр Пушкиннің ертегілерінің аудармашысы

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh.2022.v186.i2.025
        63 122

Аннотация

Бұл мақалада Ахмет Байтұрсыновтың Александр Пушкиннен аударған “Балықшы мен балық туралы ертегісімен” “Алтын әтеш туралы ертегілерінің аудармалары қарастырылған. Байтұрсыновтың аударма тәжірибесіндегі мәденибағытталған стратегиялардың моделі ұсынылды. Орыс жазушысының ертегілерінің көпшілікке кең таралуымен қазақ оқырманының қабылдауына бейімделуі аудармашының белгілі бір стратегиялық таңдау факторларын анықтауды талап етті. Мәдени тордың, доместикацияның, форенизацияның және жатсынудың арақатынасын талдау олардың көркем аударманың түпнұсқалығымен байланысын орнатуға мүмкіндік берді. Байтұрсыновтың аудармашылық шеберлігін зерделеу фабулалық синтагма мен парадигматикалық сюжеттің арақатынасы аспектісінде жүзеге асырылды. Мұндай тәсіл автордың оқырманға деген әсерін зерттеуге көмектеседі. Зерттеуден алынған нәтижелер қазақ әдеби процесінің бейнесін мәдени бағытталған аударманың стратегиялары мен қазақ мәдениетіндегі әдеби ертегінің дамуы арасындағы байланыс тұрғысынан толықтырады. Қазақстандық Пушкинтану байи түседі. Мәдени бағытталған стратегияларды талдау көркем аударманың түпнұсқалығымен байланысын нақтырақ ашуға мүмкіндік берді. Такосномиялық, статистикалық, формальды және салыстырмалы типологиялық әдістерді қолдану Байтұрсыновтың аудармашы ретіндегі әдісінің бірлігін орнатуға ықпал етті. Пушкиннің ертегілерін кеңінен насихаттау және оны оқырманның жеңіл қабылдауына бейімдеу мақсатында доместикацияның басым болуы жатсыну ұғымы кеңейтілген доместикация ретінде нақтыланды. Ұлттық концептосфераның авторлық концептосфераға әсер ету нәтижесі ретінде жатсынудың мәні дәлелденді. Доместикация мен форенизацияны зерттеу олардың фабулалық синтагмамен байланысы тұрғысынан жүзеге асырылды. Түпнұсқаның сюжетінің парадигматизмі мен аудармада жатсынуды қолданудың байланысы анықталды. Аударма дисперсиясын талдау түпнұсқаны аударма тілінің мәдениетіне интеграциялау факторлары туралы идеяны толықтыруға көмектесті. Мәдени бағытталған стратегиялардың моделі әдебиеттану аудармасының ғылыми және әдістемелік арсеналын кеңейтеді, қазақ әдебиеттануының тарихи және теориялық поэтикасын толықтыруға, сюжетологияны дамытуға, әдебиеттану әдістерін лингвокоцептологиямен, лингопрагматикамен біріктіруге ықпал етеді. Жұмыстың практикалық маңыздылығы Байтұрсыновтың Пушкин ертегілерінің аудармаларын қазақ тіліндегі шығармалар жинағына енгізумен байланысты, бұл ғылым нәтижелерін баспа ісімен интеграциялауға ықпал етеді. Алынған нәтижелер Пушкин ертегілерін жаңа аудармашыларға жүйелеуге мүмкіндік береді.

Жүктелулер

Как цитировать

Urazaeva, K., & Yerik, G. (2022). Ахмет Байтұрсыновтың мәденибағытталған стратегиясы – Александр Пушкиннің ертегілерінің аудармашысы. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 186(2). https://doi.org/10.26577/EJPh.2022.v186.i2.025

Шығарылым

Бөлім

Теория перевода