Баласағұндық Жүсіптің «Құтадғу білік» шығармасындағы «Иалауаш» (елші) бейнесі

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh.2022.v186.i2.013
        62 79

Аннотация

Мақалада Қарахан дәуірі жазба әдебиеті Жүсіп Баласағұнның «Құтадғу білігінде» көрініс тапқан «иалауаш» яғни елші бейнесі қарастырылады. Дереккөз ретінде «Құтадғу біліктің» Каир нұсқасының факсимилесі негізге алынып, оның Р.Р.Арат жасаған латын графикасындағы транскрипциясы мен қазақ тіліндегі мағыналық аудармасы қатар берілді. Зерттеу барысында шетелдік және отандық ғалымдардың еңбектеріне назар аударылды. Шығарманың негізгі кейіпкерлері Күнтуды, Айтолды, Өгдүлміш және Одғұрмыш болғанымен автор олардың өзара сұхбаты арқылы елшінің бейнесін сомдайды. Зерттеуде аталған тақырыпты жырлаған 70-тен астам бәйітке тілдік, мәтіндік және әдеби тұрғыда талдау жасалады. Сол арқылы шығармадағы елшінің жан дүниесі, ақыл-білімі, парасаты, қарым-қабілеті, кескін келбеті сынды сипаты талданды. Сонымен қатар, елшінің мемлекетке тигізетін пайдасы мен зияны және елшілік қызметтің маңызы зерделеніп, Қарахандар дәуіріндегі елшінің типтік образы жан жақты ашып көрсетіледі. Зерттеу барысында алынған нәтижелер біріншіден, Қарахан мемлекетінде дипломатия ісінің қай деңгейде дамығанын, екіншіден ол лауазымдағы кісілердің бейнесі қандай болғанын көрсетеді. Үшіншіден, сол дәуірдің дүниетанымын аңғартады. Төртіншіден, орта ғасыр әдебиетінде образ түзу әдісінің қандай деңгейде дамығанын айғақтайды. Жүсіп шайырдың еңбегінде сомдалған елші образы тарихты бағамдауда және тарихи дерекке негізделген көркем өнер туындыларын жасауда қолдануға болады.

Жүктелулер

Как цитировать

Nuriman, B. (2022). Баласағұндық Жүсіптің «Құтадғу білік» шығармасындағы «Иалауаш» (елші) бейнесі. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 186(2). https://doi.org/10.26577/EJPh.2022.v186.i2.013

Шығарылым

Бөлім

Литературоведение