Терминдерді аудару – екінші деңгейлі дискурс мәселесі.Перевод терминов – проблема второго уровневого дискурса

Авторлар

  • Sh. А. Nurmysheva А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты
        57 59

Кілттік сөздер:

дискурс, кәсіби тілдік тұлға, пропозиция, атау, ұғым, анықтама, түсіндірме, дефиниция, уәж, сөздік мақала, семантика, инвариант, профессиональная языковая личность, название, понятие, пояснение, толкование, мотивация, словар

Аннотация

Бұл мақалада тіл білімі ғылымындағы терминдерді қазақ тіліне аудару мәселесі екінші деңгейлі дискурс тұрғысынан қарастырылады. Кірме терминдерді қазақ тілінде қайта аудару, күрделі когнитивтік үдерісті талап етеді. Мысал ретінде «пропозиция»терминін қазақша атауландыру үдерісі алынған. Сонымен қатар үдеріс сапасына әсер ететін атау, ұғым, анықтама, түсіндірме, дефиниция, уәж ұғымдарына да тоқталып өтеміз. Әрине, тіл ғылымы терминдерін түгелдей қазақшаландыру мүмкін емес. Бірақ алғашқы дискурс нәтижесі ретінде қолданысқа енген терминнің тілдік тұрпатын өзгертпей сол қалпында қолдану, ұғымды тереңдетіп түсінбей, код секілді қабылдау қабылдаушы тілдің ойлану, іздену әрекетін шектейді. Себебі бір терминнің мағынасын ұғу үшін оны сипаттайтын бірнеше терминді түсінуіміз керек. Терминнің түпнұсқа тіліндегі ақпараттық хабарламасына қанығып, қазақша санадан өткен соң ғана оны өз танымымызға қайта аудару мүмкіндігіне ие боламыз. Терминді өз тіліңде баламалау, ұғым мәнін ашатындай атау табу үлкен шығармашылық ізденіс және тілді дамыту, ғылыми тілге айналдыру болып табылады. Сонымен қатар қазақ тілді ғылыми дискурс сапасын арттыруда оң ықпалын тигізеді. В статье расматриватся проблема переводческого терминообразования с точки зрения второго уровня дискурса. Перевод заимствованных терминов на казахский язык требует сложного когнитивного процесса. В качестве примера предложен процесс перевода термина «пропозиция» на казахский язык. Также рассмотрены понятия, которые имеют отношение к переводческой дея- тельности в лексико-семантическом аспекте, как название, понятие, пояснение, дефиниция, мотивация. Не отрицаем факт невозможности перевода всех лингвистических терминов не казахский язык. Однако использование в начальной неизмененной форме лингвистических терминов как результат первичного дискурса, не глубокое понимание и восприятие адресантом как закодированный семантический знак, значительно ограничивает процесс мышления и динамического развития языка. Это объясняется тем, что исчерпывающие понимание какого-либо термина можно достичь через знание знеачений нескольких терминов. Нахождение эквивалентов, раскрывающих план содержание в родном языке тех или иных терминов, является, в свою очередь, творческим изысканием, имеющим прямое отношение к развитию научного стиля и благотворно способствующим повышению качества казахоязычного научного дискурса.

Библиографиялық сілтемелер

1 Ақаев С. Терминнің тілдік және танымдық сипаты: филол. ғыл. д-ры дисс. – Алматы, 2002. – 291 б.
2 Исақова С. Қазақ терминтанымының когнитивтік-прагматикалық аспектісі: филол. ғыл. д-ры дисс. – Алматы, 2008. – 328 б.
3 Алтайбекова Қ. Терминологиялық бірліктердің лексикографиялық сипаты: филол. ғыл. канд. дисс. / Алматы, 2009. – 124 б.
4 Языкознание: Большой энциклопедический словарь/ под ред. Ярцева С.М. – М.: Большая Росс.энциклопед., 1998.– 681 с.
5 Тіл білімі сөздігі / ред. Сүлейменова Э.Д. – А: Ғылым, 1998. – 544 б.

Жүктелулер

Как цитировать

Nurmysheva S. А. (2015). Терминдерді аудару – екінші деңгейлі дискурс мәселесі.Перевод терминов – проблема второго уровневого дискурса. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 144(4). вилучено із https://philart.kaznu.kz/index.php/1-FIL/article/view/401