XV-XVIII ғғ жыраулар тіліндегі кірме сөздер қолданысы

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh.2022.v187.i3.010
        106 147

Аннотация

Елбасымыздың «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласы XV-XVIII ғасырлардағы қазақ жырауларының ауызша шығармашылығын лингвистикалық тұрғыдан терең зерттеуге мүмкіндік беріп отыр. Олардың туындылары қазақ халқының рухани, мәдени болмысын танытатын ауызша тілдің көркем образын жасаудың тың үлгілерімен белгілі. Осы кезге дейін жыраулар туындылары көбіне әдебиеттану тұрғысынан зерттелгенмен, ондағы кірме қабаты өзекті мәселелердің бірі болып қала бермек. Осыған байланысты аталмыш мақалада XV-XVIII ғасырлардағы жыраулар тіліндегі кірме (араб, парсы) лексикалық тілдік бірліктердің функционалдық қолданысы қарастырылады. Зерттеудің салыстырмалы-тарихи, салыстырмалысалғастырмалы, лингвостатистикалық, функционалдық-семантикалық талдау әдістері негізінде жыраулар тіліндегі негізгі поэтикалық «ұйытқы сөздер» мен семантикалық өріс құрайтын лексикалық бірліктер анықталады. Зерттеу барысында кірме лексикалық бірліктердің қолданысы өзге көне түркі жазба ескерткіштерімен, Алтын Орда дәуіріндегі қыпшақ тобына кіретін халықтардың туындыларымен, қазіргі ақын-жыраулардың шығармаларымен салыстырылып, жыр жолдарында функционалдық (көркемдік жүйесі, стилистикалық ерекшеліктері) қолданысы талданады. Сондай-ақ, жыраулар тіліндегі сопылық мәндегі эксплицитті және имплицитті лексикалық бірліктер сараланады. Осы зерттеу арқылы ауызша поэтикалық тілдегі және жазба тілдегі кірме сөздердің арақатынасы, ерекшеліктері айқындалады. Араб, парсы сөздерінің көркемдік, стилистикалық құралдары ретіндегі (қайталамалар, метафора, теңеу, параллелизмдер) қолданысы талданады.

Жүктелулер

Как цитировать

Seitbekova, A., Turgenbaeva, A., & Tleubayeva, N. (2022). XV-XVIII ғғ жыраулар тіліндегі кірме сөздер қолданысы. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 187(3), 94–102. https://doi.org/10.26577/EJPh.2022.v187.i3.010

Шығарылым

Бөлім

Языкознание