Танымдық тіл білімі мен нейролингвистиканың өзара байланысы

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh.2022.v187.i3.011
        114 302

Аннотация

Мақалада когнитивтік лингвистика мен нейролингвистиканың өзара байланысы қарастырылады. Мақала сөйлеу әрекетін тану мен құрудың, тілді игерудің және квази-тілдік символизмнің негізін құрудағы мидың қызметін, мидағы үдерістерді зерттеуге арналған. Когнитивтік нейролингвистика сөйлеуді оның адаммен және оның танымымен қарымқатынасында қарастырады. Бұл әлем туралы білімді жинақтаудың, жүйелеудің, өңдеудің және қолданудың негізгі құралдарының бірі ретінде қарастырылатын ғылым саласы. Мақала когнитивті нейролингвистиканы тарихи-ғылыми және әдіснамалық талдауға арналған. Сонымен қатар мақалада нейролингвистика тіл философиясымен, когнитивтік лингвистика және жалпы тіл білімімен байланыста қарастырылады және нейролингвистика саласының одан әрі даму перспективалары зерттелген. Адам баласының сана-сезімінің дамуында дыбысты тілдің пайда болуының маңызы зор болды. Сөйлеудің пайда болуы нәтижесінде адам организмі анатомиялық өзгерістерге түсіп, дыбыс артикуляциясына қабілеті бар сөйлеу аппараты жасалды. Осының арқасында адам жеке дыбыстарды ғана емес, түрлі дыбыс тіркестерін, тиісті мән-мағынасы бар сөздерді айта алатын қабілетке ие болды. Сөйлеу адам санасының басты белгісі. Сөйлеу мен сананың пайда болып, біртіндеп қалыптасуын тек биологиялық жағдайлардан емес, ең бастысы қоғамдық-әлеуметтік, тарихи факторлардан іздестіруіміз қажет. Мақалада сана мен тіл адамзат қоғамының тарихи дамуының, олардың іс-әрекетпен айналысуының, еңбек құралдарын жасап, пайдалана білудің нәтижесі ретінде қарастырылған

Жүктелулер

Как цитировать

Sembayeva, A., & Eskermesova, G. (2022). Танымдық тіл білімі мен нейролингвистиканың өзара байланысы. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 187(3). https://doi.org/10.26577/EJPh.2022.v187.i3.011

Шығарылым

Бөлім

Языкознание