«Келмес күндер елесі» роман-эссесінің өзіндік ерекшеліктері
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJPh.2022.v187.i3.018Аннотация
Қазақ әдебиетіндегі эссе жанры кеңес дәуіріндегі әдебиетте көп көріне қоймағаны белгілі. Тәуелсіздік тұсында бұл жанрдың аясында авторлардың өздері куә болған кеңестік кеңістіктегі оқиғалар, көріністер кеңірек баяндалды. Қаламгерлер ойды көркемдік шындық аясында сараптап жеткізетін эссе жанрының ұтымды тұсын тиімді тәсіл ретінде қолданды. Мақалада роман мен эссенің байланысынан, өзара тұтасуынан туған көрнекті қаламгер Қалихан Ысқақтың «Келмес күндер елесі» атты екі кітаптан тұратын роман-эссесі нақты талданады. Роман-эссені ұлттық әдебиеттану негізінде саралап, өзіндік ерекшелігін, поэтикалық құрылымын айқындайды. Роман-эсседе автордың көрген-білгені, естіген-түйсінгені, көзқарас пайымдары мен толғаныс-толғаулары кестелі тілмен, жатық стильмен өрнектелгені талданады. Мақалаға Қалихан Ысқақтың өзі жайлы, заманы жайлы, замандастары туралы, өскен ортасы мен туған өңірінің азаматтары хақындағы естеліктері мен есіндегілері жинақталып, деректі, шежірелі, көркем туындыға айналғаны жан-жақты арқау болған. Қаламгердің роман-эссесіне көркем тіл, поэтикалық баяндау, жатық стиль тән екендігі тұжырымдалады. Қорытынды бөлімінде Қалихан Ысқақтың «Келмес күндер елесі» атты роман-эссесінің қазақ әдебиетін көркемдік, жанрлық, тақырыптық, деректік, танымдық тұрғыдан байытқан құнды дүние екендігіне тоқталады.