Жоғары оқу орындарындағы Абай Құнанбаевтың лирикасын оқыту технологиялары

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh.2022.v187.i3.020
        88 95

Аннотация

Мақалада қазіргі оқу үдерісінде қолданылатын инновациялық технологиялар қарастырылады. Автор олардың қызметтерін, рөлін және практикалық маңызын ашады. Филология пәндерін оқыту үдерісінде қолданылатын инновациялық технологияларға назар аударылады. Зерттеу материалы негізінде қазақ әдебиетінің классигі Абай Құнанбаевтың шығармашылығы қарастырылады. Бұл тақырыптың өзектілігі білім алушылардың ұлы ақын, ойшыл, философ мұраларына деген қызығушылығын арттыру, оның поэзиясы туралы теориялық білімдерін тереңдету және көркем шығармаларды талдауда практикалық дағдыларын қалыптастыру қажеттілігімен айқындалады. Мақалада А. Құнанбаев лирикасының жаңа қырларын ашуда, оқу-тәрбие үрдерісінің сапасын арттыруда, дәріс және практикалық сабақтардың жаңа ұйымдастыру формаларын іздестіруде инновациялық технологиялардың маңызы дәлелденеді. Зерттеу нысаны ретінде жоғары оқу орындарында қазақ әдебиеті классигі мұрасын оқытудың әдіс-тәсілдері қарастырылады. Мақалада А. Құнанбаевтың поэтикалық шығармаларын дәріс және практикалық сабақтарды өткізу барысында талдаудың негізгі принциптері айқындалды. Қазіргі педагогикалық технологияларға арналған еңбектерді жүйелеу негізінде қазақ әдебиеті классигінің көркем мұрасын зерттеудің нақты әдістемесі ұсынылады. Мақалада инновациялық технологиялардың практикалық мәні ашылады. Кейс-стади, контекстік және бағдарламаланған оқыту, миға шабуыл, телекоммуникациялық жоба, ойын техникасы, сыни тұрғыдан ойлауды дамыту технологиясы сияқты әдістерді қолданудың жолдары мен ерекшеліктері көрсетіледі. Абай Құнанбаевтың поэтикалық шығармалары мысалында бұл тәсілдердің көркем шығармашылықты зерттеуде, сөз өнерінің табиғаты мен жазушы дүниетанымын түсінуде қолданудың тиімділігі мен болашағы дәлелденеді.

Жүктелулер

Как цитировать

Temirbolat, A. (2022). Жоғары оқу орындарындағы Абай Құнанбаевтың лирикасын оқыту технологиялары. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 187(3). https://doi.org/10.26577/EJPh.2022.v187.i3.020

Шығарылым

Бөлім

Методика преподавания языка и литературы