Абай шығармаларының негізіндегі қазақ әдебиетінің қытай тіліне аударылу жағдайы
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJPh.2022.v187.i3.021Аннотация
Көркем аударма тілді байытып, ұқсамаған ойлардың тоғысуына ықпал етеді. Оқырмандар әртүрлі халықтар мен этностардың әдеби шығармалары арқылы басқа шетел мәдениеттерімен танысады, әр халықтың әдеби шығармаларының аудармасын оқу арқылы қоғамдағы әртүрлі топтар арасындағы өзара түсіністікке және әртүрлі құндылықтарды өзара бөлісуге қызмет атқарады. Елдер арасындағы мәдени алмасулар мен адамдар арасындағы байланыстарды дамытуда, адамдардың ортақ және көкейтесті мәселелерін, кейбір адамдардың кәсіби тәжірибелерін сезінуде көркем аударма маңызды рөл атқарады. Бұл мақалада қазақ әдебиетінің қытай тіліне аударылу жағдайы туралы тоқталамыз. Қытайда Қазақстан әдебиетіне әлеуметтану, коммуникация, әдебиетті бағалау, философия, көркем аударма тұрғыларынан түрлі зерттеулер жүргізілуде. Қазақ әдебиетінің қытай тіліне аударылуын мәдениет зор төңкерісінен бұрын, мәдениет зор төңкерісінен кейін және тәуелсіз Қазақстан әдебиетінің аударылуы дәуірлерге бөлініп, қысқаша сұрыпталып жинақталады. Сондай-ақ Абай шығармаларының аударылуы, Абай туралы ғылыми зерттеулер туралы да ой толғайды. Аударманы коммуникация тұрғысынан зерттеу аударманың аударылған тілдегі әлеуметтік ортаға, жеке адамдарға ықпалын зерттеп, аударма саласы ғылыми өлшемге түседі.