Қазақ тіліндегі тұр көмекші етістігінің жетекші етістікпен тіркесімділігі және оның грамматикалық семантикасы
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJPh.2022.v188.i4.05Аннотация
Көмекші етістіктер көне жазба ескерткіштерден бастап, қазіргі түркі тілдерінің бәрінде кездесетін функционалды көмекшілердің бірі. Мақалада қазақ тіліндегі қалып етістігі деп аталып жүрген көмекші етістіктердің бірі – тұр көмекші етістігі негізгі зерттеу обьектісі етіледі. Өйткені, қалып етістігі деп атап әрі зерттеулерде бірге қарастырылып жүрген жат (жатыр), отыр, жүр көмекші етістіктерінің грамматикалық мағыналарында ортақтық болғанымен, олардың жетекші етістікпен тіркесу жилігі болсын, грамматикалық мағыналарында болсын өздеріне тән өзгешіліктері де бар. Сондықтан, мақалада тұр көмекші етістігінің -а\-е\-й, -п\-іп\-ып, -ғалы\-гелі\-қалы\-келі көсемше тұлғалы жетекші етістіктермен тіркесу қабілеті нақты санды мәліметтер арқылы көрсетіледі. Мұнан тыс, тұр көмекші етістігімен тіркесетін жетекші етістіктерге талдау жасағанда, қазақ тіліндегі лексикалық топтарды негіз етіп қарастырмай, тіл ғылымындағы (лингвистикадағы) жаңа бағыттар бойынша яғни осы жетекші етістіктердің лексикасында қимыл-әрекеттің созылыңқы болуы, қайталануы, бір қалыпты дамуы, орындалу барысының болуы сияқты мағыналары негіз болып талдау жасалады. Және оның қимылдың өту сипатын білдірген кездегі нәзік мағыналық айырмашылықтары көрсетіледі. Сонымен бірге, тұр көмекші етістігінің сойлемге үстейтін модальдылық мағыналары мен қалыптасып кеткен формаларына да талдау жасалады. Сол арқылы тұр көмекші етістігінің өзіне тән грамматикалық семантикасы жан-жақтылы ашылып көрсетіліп, тұр көмекші етістігі мен жат (жатыр), отыр, жүр көмекші етістіктері арасындағы айырмашылықтарын байқауға мүмкіндік туғызады.