Лингводидактикадағы ассоциативті эксперимент тәсілі

Авторлар

  • G. T. Mukhamejanova Северо-Казахстанский университет имени М. Козыбаева, Казахстан, г. Петропавловск http://orcid.org/0000-0001-7942-8680

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh.2022.v188.i4.010
        79 188

Аннотация

Орта мектепте қазақ тілін оқытудың әдістемесін жетілдіру – күн тәртібіндегі маңызды мәселелердің бірі. Қазіргі қоғамда білім берудің жаңа бағыттарына сәйкес жалпы білім беретін мектеп оқушыларына қазақ тілінің тілдік құралдарын меңгерту әдістемесін жетілдіру мәселесі де өзекті сипатқа айналуда. Өйткені ұлттық санада қалыптасқан  қазақ тіліндегі көріктеуіш тілдік құралдар – ұлт тілінің аса маңызды бөлігі, адамның тұрмысындағы, салты мен дәстүріндегі барша мәдени құндылықтар үнемі тілдік құралдардан көрініс беріп отырды. Қазақ тілтанымы мен  әдебиеттану ғылымында «тілдік құралдар» және «көріктеуіш құралдар» терминдері қатар қолданылады. Белгілі бір ұғымды нақты беретіндіктен, көрсетілген терминдік аталымдар біздің мақаламызда кең дәрежеде қолданылады. Қазіргі жаһандану заманында, көптілділік орныққан қоғамда, ақпараттар ағыны жеке адамға жоғары деңгейде әсер етіп отырған кезеңде көріктеуіш құралдар туралы мағлұматты тереңдету және олардың ұлт – тіл – мәдениет тұтастығынан туындайтын лингвомәдени ерекшелігін зерделеу қазақ тілінің басқа тілдермен бәсекелестігін жоғары деңгейге көтеруге үлес қосатын маңызды фактор болып табылады. Сол себепті оны сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу үшін, әсіресе, орта білім беру жүйесінде көріктеуіш құралдарды оқытудың, танытудың арнайы әдістемелік бағдарламалары жетілдірілуі тиіс. Ұсынылған әдістемелік жүйенің тиімділігін тексеру эксперимент арқылы жүзеге асырылады. Мақалада орта мектепте «Қазақ тілінің тілдік құралдары» атты таңдау пәнін меңгертудің ерекшеліктері, оқушылардың тілдік санасында көріктеуіш құралдардың орнығу деңгейін көрсететін ассоциативті эксперимент  нәтижесі талданды.

 

Жүктелулер

Как цитировать

Mukhamejanova, G. T. (2023). Лингводидактикадағы ассоциативті эксперимент тәсілі. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 188(4), 90–101. https://doi.org/10.26577/EJPh.2022.v188.i4.010

Шығарылым

Бөлім

Языкознание