Білім беруде бала тіліндегі қазақ-орыс қостілділігінің көрінісі (социолингвистикалық сауалнама негізінде)

Авторлар

        216 259

Аннотация

Қостілділік – әлемде кең таралған құбылыстың бірі. Мақалада қазақ-орыс қостілділігінің бала тілінде меңгерілуі анықталады. Қостілділіктің меңгерілу деңгейін анықтау үшін қазақ тілінде білім алатын және орыс тілінде білім алатын 2-сынып оқушыларына  социолингвистикалық сауалнама жүргізілді. Сауалнамаға жалпы 31 оқушы қатысты. Сауалнама сұрақтары – 11. Берілген сұрақтар баланың танымдық ойлауы мен қазақ тілінің грамматикасын меңгеру деңгейін анықтау үшін қойылды.

Сондай-ақ мақалада қазақ-орыс қостілділігінің қалыптасу себептері мен тарихына шолу жасалды. Жалпы тіл біліміндегі қостілділіктің түрлері мен ерте жастан екі немесе бірнеше тілдің меңгерудің салдарлары көрсетілді.

«Ата-анаң үйде сенімен орыс тілінде\ қазақ тілінде қаншалықты жиі сөйлеседі?», «Орыс\ қазақ тіліндегі теледидар бағдарламаларын немесе фильмдерді қаншалықты жақсы түсінесің?», «Қазақ тілінде\ орыс тілінде оқу орыс тілінен\ қазақ тілінен гөрі қиын ба?», «Орыс тілінде / қазақ тілінде түсініп, сөйлей білу маңызды деп ойлаймын», «Қарындас деп кімді атаймыз?», «Қазақтың ұлттық ойынын тап», «Қойдың төлін қалай атаймыз?» секілді сұрақтар қойылды. Жүргізілген сауалнаманың нәтижесі бойынша еліміздегі бала тіліндегі қазақ-орыс қостілділігінің салдары қазақ тілді баланың танымына, қазақ тілінде тілдік бірліктерді қате қолдануына әсер етіп жатқандығы анықталды.  Сондай-ақ бала тіліндегі орыс тілінің грамматикасының  әсерін  және қазақ тілін екінші тіл ретінде меңгеретін оқушылардың қазақ тілінің грамматикасын меңгеру деңгейін анықтау үшін әлі де толыққанды зерттеулер жүргізілуі қажет екендігі көрсетілді. Қорытындылай келгенде, мақалада ерте жаста бала тек ана тілінде немесе тек бір ғана тілде білім алу керектігі пайымдалды. 

Кілт сөздер: қостілділік, бала тіліндегі қостілділік, социолингвистика, когнитивті лингвистика, қазақ-орыс қостілділігі

Жүктелулер

Как цитировать

Akhmet А. N., Akimbekova, G. S., & Aliaskar А. S. (2023). Білім беруде бала тіліндегі қазақ-орыс қостілділігінің көрінісі (социолингвистикалық сауалнама негізінде). ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 190(2), 4–15. вилучено із https://philart.kaznu.kz/index.php/1-FIL/article/view/4200