Оқушының ана тілінде орыс фразеологиялық бірліктерін игеруіне аударманың әсері
Аннотация
Бұл мақала екінші тілдегі фразеологиялық бірліктерді түсіну үшін екінші тілді (L2) оқитын студенттердің ана тілі (L1) білімін қолданылуы жағынан қарастырылды. Автор қазақ және орыс тілдерінде бірдей, ұқсас және мүлдем басқа фразеологиялық бірліктерді қолданып, қайсысы түсінгенге қолайлы, қайталануы жиі, бір тілден екінші тілге неғұрлым қиындықпен аударылатынын және оқушылардың белгісіз фразеологиялық бірліктерді көбейту үшін қандай әдістерді қолданғанын, ең танымал идиомалардың қайсысы ұқсас екенін ара қатынасын анықтады. Фразеологиялық бірліктердің мағыналарын анықтаумен қатар, оқушылар олардың орын тәртібі тарапынан өзгерістерге барынша ұшырамайтынын зерттеулер арқылы түсіне алды. Зерттеу нысандары 80 білім алушы, оның ішінде орыс тілі жоғары деңгейде басымдылықты таныта отырып, 15 бірдей, 15 ұқсас және 15 түрлі идиомаларды түсіну қабілеті бірнеше таңдау тесті мен анықтамалық тест арқылы бағаланды. Тесттер 40 қатысушыдан тұратын екі бөлек топта өткізілді. Әр топ жеке статистикалық талдаудан өтті, себебі топ пен фразеологиялық бірліктердің бір түрі арасында өзара әрекеттесу үрдісі болды. Бірдей идиомаларды түсіну және айту оңай екені анықталды. Мұндай идиомаларды оқушылар жоғары деңгейде түсіне алды, әрі интерференция үдерісін белсенді көрсете білді.
Түйін сөздер: Фразеологиялық бірліктер, аударма, ана тілі, екінші тіл, аударма.