Сұраулы сөйленімдерде білдірілетін модаль реңкті мағыналар

Авторлар

        58 113

Аннотация

Мақалада қазақ тіліндегі сұраулы сөйленімдердің белгілі бір ақпарат алу мақсатында қолданылып қана қоймай, сөйлеушінің сөйлеу жағдаятына байланысты көзқарасын білдіретін құптау (мақұлдау, келісу), нақтылау, кеңес беру (ақылдасу), жөн сұрау, ұсыныс жасау, салыстыру, назар аудару (реакция тудыру), тұжырым жасау, ақталу, ескерту, рұқсат сұрау, тыйым салу, бас тарту, қарсылық, наразылық, мәжбүрлілік (көну), өтіну, жалыну, қорқыту, кінәлау (жазғыру)тәрізді модаль реңкті мағыналар қарастырылды. Аталған модаль реңкті мағыналар сұраулы сөйленімдерде негізінен сұрау есімдіктері,ма/ме, ша/ше сұраулық демеуліктері,ғой нақтылау демеулігі, сұрау мәнді тілдік бірліктер (одағайлар), тұрақтанған құрылымдар және басқа да тұрақты тіркестер, сөйлемінің жалпы мазмұны, сұраулы интонация арқылы білдіріледі. Сонымен қатар аталмыш модаль реңкті мағыналар сұрау есімдіктерінің, сұраулық демеулігінің басқа да әртүрлі құрылымдармен бірге қолданылуы арқылы да берілуі мүмкін. Аталған модаль реңкті мағыналарсұрау есімдіктерінің, сұраулық демеуліктерінің, сұралатын ақпаратқа тікелей қатысты сөздің қайталануы және басқа да тілдік бірліктердің (етістіктің рай тұлғалары, аналитикалық форманттар және т.б.)қолданылуы арқылы күшейе түседі. Сұраулы сөйленімдерде жоғарыда аталған модаль реңкті мағыналарды білдіруде сұрау мәнді сөйлеу актісінің, яғни тұтас мәнмәтіннің (синтаксистік тұтастықтың) мазмұны, сөйлеу жағдаятына байланыстысөйлеушінің (автордың, кейіпкердің) прагматикалық мақсатымаңызды қызмет атқарады.

Түйін сөздер: сұраулы сөйленім, модаль реңкті мағына, сұрау есімдігі, сұраулық демеулік.

 

Жүктелулер

Как цитировать

Ybyrayim А. O., Yelikbayev, B. K., & Koshikbayeva, G. D. (2023). Сұраулы сөйленімдерде білдірілетін модаль реңкті мағыналар. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 190(2), 80–92. вилучено із https://philart.kaznu.kz/index.php/1-FIL/article/view/4351