Функционалды грамматиканың каузалдық категориясы
Аннотация
Мақалада тіл біліміндегі жаңа бағыттардың бірі саналатын функционалды грамматиканың қаузалдық категориясы туралы баяндалады. Функционалды граммтиканың өзіне тән категориялары мен өрістері бар. Солардың бірі – каузалдық ұғымы. Функционалды грамматиканың каузалдық ұғымының жалпы тіл білімінде және қазақ тіл білімінде зерттелуі сөйлеу әрекетінің негізінде қалыптасып, әлем тілдерінде кеңінен зерттеліп жатыр. Алғаш рет бұл терминнің теория ретінде қалыптасып ғылыми айналымға енуі құрылымдық грамматика тұрғысынан қарастырылды. Қазіргі таңда функционалды грамматика салсының негізгі қызметі туралы теориялары мен эмперикалық әдістері ұсынылып отыр.
Қазіргі функционалды грамматикада каузалдық ұғымының табиғатын түсіндіруде жеке дара тұйықталған шеңбер аясында емес, басқа тіл деңгейлері элементтерімен өзара байланыста болатын кешенді тұтастық ретінде интеграциялық тұрғыдан қарастыруға ерекше мән беріліп отыр. Мұндай зерттеулер тілдік құбылыстың табиғатын және мағыналық қырларын толық әрі терең түсінуге жол ашады. Сондықтан каузалдық ұғымдардың қызметін функционалды-семантикалық өріс теориясы тұрғысынан қарастыра отырып, барлық тілдік құралдардың парадигмасы мен синтагмалық қатынасын көрсету және олардың семантикалық құрылымын ашу арқылы аталған категорияның табиғатын толық тануға болады.
Бұл орайда каузалдық категориясына жататын тілдік деңгейлерді грамматикалық тұрғыдан ғана қарастыруға бомайды, тілдің басқа деңгейлері арқылы да көрініс таба алатын категориялардың санатынан орын алады. Демек, себеп - салдар ұғымдары семантикалық категория болып танылады да, оның тұрпат межесін құрайтын тілдік бірліктер парадигмасы нақты жүйеленеді.
Каузалдық категориясын ФСӨ қарастырылып оның кіші өрістері туралы да талдану негізгі мақсатқа алынған. Осы саланың әр түрлы өрістерін қарастыра отырып талдаулар жүргізілді. Олардың кіші немесе микроөрістерііне жататын лексикалық, грамматикалық, грамматика –синтаксистік тілдік амалдар топтамасы бір жүйеге түсті, өріс түрлеріне қарай шартты түрде топтастырылды. Сонымен қатар функционалды грамматиканың каузалдық үғымының коммуникация барысында туындаған межесі дискурс пен мәтіндерді анализдеуде жиі ұшырасатын бай ұғым болып саналады.
Каузалдық базалық категориясы сөйлеу әрекетінде функционалдық – семантикалық өрісте оның тілдік амалдарының семантикасы өте бай және қазақ тілінде оның бай тілдік амалдар арқылы жасалынатынына көз жеткізілді. Сөйлеу әрекетінің дискурс пен мәтін шеңберінде бұл ұғым қазақ тілінде ең бай ауқымды тілдік амалдардың барлық ең көп бөлігін қамтиды. Қазіргі лингвистикада грамматикалық құбылыстар табиғатын түсіндіруде бұл орайда каузалдылық ұғымын беретін тілдік бірліктер саны жағынан емес мағыналық мазмұндық жағынан жүргізілген зерттеу аумағы бұрынғы талдаулардан өзгешеленеді. Каузаалдық ұғымының сан алуан семантикалық мазмұнға ие болуы категориялық ситуацияға байланыстылығы да ең басты назарға алынған.