Қытай Қазақтарының жазу тарихы және Абай шығармаларының әсері мен ықпалы

Авторлар

        188 119

Аннотация

Бұл мақалада Қытай қазақтарының жазу тарихы мен жазуына қатысты атаулар қарастырылады. Мақаланың басты мақсаты Қытай қазақтарының жазу тарихын зерттеу және кезеңге бөлу, Қытай қазақтары жазуына қатысты атаулардың қателерін түзету. Осы мақсатта мақалада Қытай қазақтары қолданған шағатай-қазақ жазуы, Байтұрсынұлы жазуы, кирилл жазуы, латын жазуы қатарлы жазулардың кезеңі мен қолданыс барысы қарастырылды. Қойылған мақсат пен міндеттерді орындау үшін хронологиялық, тарихнамалық әдістер қолданылды. Зерттеудің талқылау барысында әртүрлі кезеңде қолданылған жазулар сипатталып, өзара салыстырылды. Сонымен бірге бұл мақалада Абай Құнанбайұлы шығармасының Қытайдағы қазақтарға қалай таралып, Абай шығармасының Қытайдағы қазақ баспа сөзі мен жазу тарихына тигізген ықпалын қысқаша таныстырылады.

Зерттеу нәтижесінде қарастырылып отырған Қытай қазақтарының жазу тарихы үлкен жақтан екі кезеңге бөлінгенімен, өз ішінен және де кіші кезеңдерге бөлінетіні байқалады. Қытай қазақтары республикалық жаңа Қытай мемлекеті құрылғаннан бұрын шағатай-қазақ жазуын, Байтұрсынұлының жазуын, республикалық жаңа Қытай мемлекеті құрылғаннан кейін кирилл жазуын, Қытай тілі алфавиты негізінде жасалған латын жазуын қолданды. Бұл өзгерістердің біріне ішкі саясат себеп болса, шағатай-қазақ жазуын, Байтұрсынұлының жазуын, кирилл жазуын қолдануға халықаралық қарым-қатынас себеп болды. 

Қытай қазақтарының жазуы мен жазу тарихы, олардың оқу-ағартуының, мәдениетінің кем болмас бөлігі, қоғамының даму ұйтқысы. Қытай Қазақтарының жазуы мен тарихын зерттеу, қазақ жазуының зерттелуі үшін мәні өзгеше, осы саладағы зерттеушілер үшін тың жаңа мәліметтер мен ойлар әкеледі. 

Түйін сөздер: Қытай Қазақтарының жазуы, тарихы , тарихи кезеңі, қатысты атаулау, Абай шығармалары

Жүктелулер

Как цитировать

Toktarbekuly, A., & Saishanhuli, W. (2023). Қытай Қазақтарының жазу тарихы және Абай шығармаларының әсері мен ықпалы. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 190(2), 123–131. вилучено із https://philart.kaznu.kz/index.php/1-FIL/article/view/4403