Ағылшын тілі сабақтарында фразеологиялық бірліктердің кейбір түрлерін оқыту
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJPh.2024.v193.i1.ph16Аннотация
Тілде сөз тіркесінің екі түрі бар: еркін тіркес және тұрақты сөз тіркесі. Тұрақты тіркестер фразеологиялық тіркестер болып табылады, олар құрамы жағынан өзгермейді, жалпы алғанда, астарлы мағынаға ие. Ағылшын тіліндегі фразеологиялық бірліктерді меңгеру оқушылардың есте сақтау қабілетін жақсартады, мәтіндердің түпнұсқасын оқу мен түсінуді жеңілдетеді, сонымен қатар олардың сөздік қорын кеңейтеді. Фразеологиялық тіркестер тілде жиі кездеседі. Олардың кейбірін бір сөзбен ауыстыруға болады. Фразеологиялық тіркестерді екі немесе одан да көп сөз құруы мүмкін. Фразеологизмдер құрамдас бөліктерге бөлінбей, тұтас сөйлемнің мүшесі болады. Еркін тіркестер құрамындағы сөздер тура сол мағынада жұмсалса, фразеологиялық тіркестердегі сөздер бірігуі арқылы тура мағынасын жоғалтып, бір ауыспалы мағынаға ие болады. Тұрақты сөз тіркестері еркін сөз тіркестері сияқты бағыныңқы және басыңқы сыңарға бөлінбейді. Олар сол күйінде сөздіктерге енгізілген. Талданған фразеологиялық тіркестің өз тілінен баламасын табу және мағынасын түсіндіру адамның аудармашылық дағдысын айтарлықтай дамытады. Фразеологиялық тіркестердің фразеологизмдер, фразеологиялық композициялар, идиомалар, мақал-мәтелдер, дәйексөздерден т.б. құралады. Сонымен қатар омонимдік, синонимдік және антонимдік белгілері де болатының да ескергеніміз жөн.
Түйін сөздер: дидактикалық, фразеологиялық бірліктер, түрлері, сөз тіркестері.