Көне түркілер қолданған жазулар және олардың шығу тарихы

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh.2023.v192.i4.ph2
        315 179

Аннотация

Мақалада көне түркілер қолданған жазулар және олардың шығу тарихы туралы баяндалды. Шетелдік және отандық ғалымдардың талдаулары  мен  тұжырымдарынан  деректер  келтірілді. Көне түркілерден қалған тарихи жәдігерлер түркілердің ислам дінін қабылдамай тұрып бірнеше әліпбиді қолданғандығын дәлелдеп берді. Мақаланың мақсаты көне түріктердегі жоғары өркениетті дәріптеп, келер ұрпаққа насихаттау. Өркениетті елдерде ғана жазу болатындығы белгілі жәйт. Түркілер өмір сүрген кең байтақ ұлы далада жазу-сызудың жоғары деңгейде дамығаны тарихтан белгілі. Ислам діні түркілер топырағына келмей тұрып бірнеше дінді қабылдап, әр түрлі жазуды қолданған.  Руна жазуы (Орхон – Енисей жазба ескерткіштері), мани жазуы (Тұрпан қазба жұмыстары барысында табылған мәтіндер), соғды жазуы (соғды әліпбиімен жазылған түркі тіліндегі жазба ескерткіштер), ұйғыр жазуы (Сібір-Енисей аймағы, солтүстік Моңғолия, солтүстік-шығыс Қазақстан аймағы, Еділ өзені аңғары, т.б. елді мекендерден табылған жазба ескерткіштер), брахми жазуы (негізінен буддизм, медицина, күнтізбе тақырыптарында жазылған жүзге тарта мәтін Берлинде сақтаулы тұр), тибет жазуы (тибет әліпбиімен жазылған мәтіндер), сирия жазуы (Жетісу аймағы Шу өзені бойы мен Бішкек жеріндегі оңғұт түркілеріне тиесілі құлыптастардағы (XIII ғасыр) мәтіндер жазылған), иврит жазуы (хазарлардың тікелей ұрпағы болып табылатын қарайымдарға (қарайлар) тиесілі жазба ескерткіштер), грек жазуы (Анадолы жеріндегі християн дінінің ортодокс тармағын ұстанатын қараман түркілері қолданған) сияқты жазу түрлерін қолданғандығын білеміз. Мақалада көне түркілер пайдаланған жазуларға жеке жеке тоқталып, жан-жақты ақпарат берілді Бұл жазулардың дені негізінен VII ғасыр мен XI-XII ғасырлар аралығында қолданылса, кейбіреулері ішінара (ұйғыр, сирия, иврит жазулары) XVIII ғасырға дейін қолданыста болғаны белгілі. Мақалада  берілген  барлық  деректерді жазу барысында шетелдік және отандық ғалымдардың ғылыми еңбектерін салыстыра қарастыру әдісі қолданылды. Мақаланың ғылыми  және  практикалық  маңыздылығы қазақ тілі тарихын, көне түркі тілдері тарихын, жалпы түркі тілдері тарихын, әлем тілдері мен жазуларын зерттеу үшін аса құнды. Сонымен қатар, мақаланы жоғары оқу орындарында, ғылыми зерттеу институттарында «Қазақ тілі тарихы», «Көне түркі тілдері тарихы», «Түркі тілдері тарихы», «Әлем тілдері тарихы» пәндерінен көмекші оқу құралы ретінде пайдалануға болады.

Түйін сөздер: көне түріктер, көне түркі тілдері, жазу түрлері, көне жазба ескерткіштер, түркі өркениеті.

Жүктелулер

Как цитировать

Burkitbayeva, S. (2023). Көне түркілер қолданған жазулар және олардың шығу тарихы. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 192(4), 21–33. https://doi.org/10.26577/EJPh.2023.v192.i4.ph2