Д. Исабеков шығармасындағы «сүйекші» концептісінің көрінісі және орыс, ағылшын тілдеріндегі аудармада берілуі

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh.2024.v194.i2.ph019
        116 93

Аннотация

Мақала Д.Исабековтың  авторлық «сүйекші» концептісінің оның аттас еңбегіндегі көрінісіне және осы концептінің орыс және ағылшын тілдеріндегі аудармаларда ұлттық-мәдени ерекшеліктерінің берілу қиындықтарын зерттеуге арналған.Үш тілдің де өзіндік тілдік ерекшеліктері болғандықтан, әр халықтың менталитетінің, дүниетанымының, жалпы концептініңдамуының тарихи себептерінде де айырмашылықтар бар екені анықталады. Мақалада авторлар концептігебайланысты мәдени көзқарасты ұстанып, «сүйекші» концептін аудару барысында тілдік және мәдени қиындықтар жиі туындайтынын дәлелдейді. Авторлар концептінің мағына тудыратын қызмет атқаратыны туралы теориялық пікірді ұстанады. Зерттеу барысында «сүйекші» концептісінің көлемі мен мазмұны жазушының жеке танымдық тәжірибесіне байланысты екені және одан да көп жағдайда халықтың тұрмыс жағдайы мен мәдениетіне байланысты екені анықталады. «Сүйекші» сөзінің мағынасындағы бұл айырмашылықтар қазақ тіліндегі аталған ұғымды орыс және ағылшын тілдерінің көмегімен барабар жеткізу қажет болғанда аудармада барынша айқын көрінеді. Нәтижесінде салыстырмалы әдісті қолдану арқылы ұлттық-мәдени ерекшеліктер қаралып, аударма стратегиялары анықталады.

Түйін сөздер: авторлық концепт, тілдік және мәдени қиындықтар, барабар аударма, аударма трансформациялары.

 

Авторлардың биографисы

M. Tleulinova, Казахский национальный университет имени аль-Фараби, Казахстан, г. Алматы

Tлеулинова Мейрамкуль (корреспондент автор) – докторант, Казахский национальный университет имени аль-Фараби (Казахстан, г. Алматы, e-mail: tleulinova_mb@mail.ru );

 

S. Seidenova, Казахский национальный университет имени аль-Фараби, Казахстан, г. Алматы

Сейденова Сауле – кандидат филологических наук, Казахский национальный университет имени аль-Фараби (Казахстан, г. Алматы, e-mail: saule_dus@mail.ru );

 

D. Dosmagambetova, Казахский национальный университет имени аль-Фараби, Казахстан, г. Алматы

Досмагамбетова Жамиля – кандидат филологических наук, Казахский национальный университет имени аль-Фараби (Казахстан, г. Алматы, e-mail: ddd_dos@mail.ru).

Жүктелулер

Как цитировать

Tleulinova, M., Seidenova, S., Dosmagambetova, D., & Bashirov, N. (2024). Д. Исабеков шығармасындағы «сүйекші» концептісінің көрінісі және орыс, ағылшын тілдеріндегі аудармада берілуі. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 194(2), 202–212. https://doi.org/10.26577/EJPh.2024.v194.i2.ph019