Студенттердің әдеби құзыреттілігін жетілдіру құралы ретінде прозаның интермедиялық поэтикасын талдау
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJPh.2024.v194.i2.ph017Аннотация
Бұл мақалада ЖОО аудиториясындағы практикалық сабақтарда интермедиалдылық түсінігін қалыптастырудың әдістері, тәсілдері мен құралдары жан-жақты сипатталады.Зерттеудің пәнаралық сипатының өнімділігі айқындалып, оның барысында педагогиканың, дидактиканың, орыс әдебиетін оқыту әдістемесінің, әдебиет теориясының, әдебиеттанудың озық ережелері мен тұжырымдары пайдаланылды. Оқытудың қалыптастыру кезеңінде шығармашылық оқу, эвристикалық, репродуктивті әдістерін қолдану оңтайлы екені дәлелденеді. Жоба әдісін, зерттеу әдісін қолдану, эвристикалық әңгіме жүргізу, оқу диалогын ұйымдастыру, топтық жұмыс танымдық үдеріс кезеңінде студенттердің субъективтілігін дамыту үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз етеді. Е.Тұрсыновтың «Келін» фильмінің поэтикасының өзіндік ерекшелігін, стилі мен мәселелерін терең түсінуге мүмкіндік беретін көркем мәтінді форма мен мазмұнның ажырамас органикалық бірлігінде талдаудың тиімді технологиясы ұсынылды.
Көркем шығармалардағы интермедиялдылық байланыстардың әртүрлі көрініс формаларын табу мен олардың әлемдік рөлін анықтауда студенттердің іскерліктерін дамытудың әдістері айқындалып, сипатталады. Сондай-ақ Е.Тұрсыновтың көркем шығармаларын зерттеу барысында проблемалық баяндау мен шығармашылық оқу әдісінің алуан түрлі элементтерінің үйлесуі әртүрлі өнер түрлеріндегі интермедиялдылық байланыстарды жаңғыртуды талдаудың тиімділігін қамтамасыз еткені анықталды.
Білім алушылардың ойлау қабілетін белсендіруге және олардың әдеби құзыреттіліктерін дамытуға бағытталған Ермек Тұрсыновтың шығармаларындағы интермедиалдылықты білдіретін формалардың оқу-танымдық талдауының фрагменттері белсенді және эвристикалық әдістемелік әдістерді қолдану арқылы ұсынылады. Білім алушыларды проблемалық жағдайларды белсенді талқылау процесіне ынталандыру арқылы оқытушының эвристикалық және интерактивті форматтағы жүйелі жұмысы негізделеді.
Түйін сөздер: эпикалық шығармаларды талдау, оқыту әдістері, шығарманы талдау әдістері, эвристикалық әдіс, интермедиалдылық.