Түркі туыстық терминологиясы: салыстырмалы лингвистикалық және мәдени талдау

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJPh.2024.v194.i2.ph08
        122 93

Аннотация

Мақала түркі тілдеріндегі туыстық қатынасты білдіретін атауларға лингвомәдени талдап, салыстыруға арналған. Туыстық терминология – ең көне лексикалық қордың бөлігі, тарихының күрделілігі жағынан да тілдің лексикалық құрамында айрықша орын алады. Туыстық атаулар – өз қолданушысының, яғни ұлттық мәдениеті, тарихын, әлеуметтік орнын, адамдармен қарым-қатынасын өз бойына сіңіріп, жылдар бойы ұрпақтан ұрпаққа сөздік қор ретінде жатталып, сіңіріліп отыратын ерекше мәдени қазына. Қазақ тілі мен қырғыз тілі антропонимиконында әл күнге дейін жетерлік деңгейде зерттелмеген жеке есімдер, тек, лақап аттары, туыстық атаулар қатары мол. Бұл мәселе де осы бағытта материалдар жинақтау, жүйелеу, түрлі анықтамалар шығару және сөздіктердің шығарылу өзектелігі мен тарихы терең туыстық атаулардың, оның ішінде актив-пассив қордың зерттелу қажеттілігін көрсетеді. Осыған орай мақаланың мақсаты да – қазақ және қырғыз тілдеріндегі кісі есімдеріндегі туыстық атауларды талдап, екі тілдегі туыстық терминдердің қолданылу және тілдік-мәдени ерекшеліктерін анықтау. Материал ретінде қос тілдегі сөздіктер мен осы күнге дейінгі зерттеулер қолға алынды. Сондай-ақ зерттеу жұмысында жинақтау, сипаттау, салыстыру және талдау әдістері қолданылды. Жұмыс нәтижесінде қырғыз және қазақ тілдеріндегі туыстық қарым-қатынастың тілдегі көрінісі талданып, ерекшеліктері мен ортақтықтары айқындалды.

Түйін сөздер: қазақ тілі, қырғыз тілі, лингвомәдениеттаным, салыстырмалы тіл білімі, туыстық атаулар.

Авторлардың биографисы

D. Rakhimova, Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева, Астана, Казахстан

Рахимова Динара Бауыржанкызы – докторант, Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева, (Астана, Казахстан, e-mail:  rah.dinara@gmail.com);

T. Sadykov, Кыргызский государственный университет, Кыргызстан, г. Бишкек

Садыков Ташболат Садыкович – доктор филологических наук, профессор, Кыргызский государственный университет (Кыргызстан, Бишкек, еmail: tash_sadykov@mail.ru).

Жүктелулер

Как цитировать

Rakhimova, D., & Sadykov, T. (2024). Түркі туыстық терминологиясы: салыстырмалы лингвистикалық және мәдени талдау. ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 194(2), 82–89. https://doi.org/10.26577/EJPh.2024.v194.i2.ph08